6B07110 Автоматтандыру және басқару
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
6В07110 – Автоматтандыру және басқару |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
6В07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
6В071 Инженерия және инженерлік іс |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
В063 – Электртехникасы мен автоматтандыру |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс, ағылшын |
БББ көлемі |
240 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
Еңбек нарығында сұранысқа ие, АБЖ жобалау, монтаждау, пайдалану жұмыстарын жүзеге асыруға қабілетті, автоматтандырудың мамандандырылған техникалық және бағдарламалық құралдарын меңгерген мамандарды даярлау. |
Берілетін дәреженің аталуы |
«техника және технологиялар бакалавры» |
Кәсіби қызмет саласы |
Әртүрлі технологиялық процестермен өндірістерді, сондай-ақ ақпаратты өңдеу құралдарымен әдістерін қолданумен байланысты техникалық жүйелерді автоматтандыру, ақпараттандыру және басқару саласы болып табылады. |
Оқыту нәтижелері |
ОН1 Академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетін түсіне отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сұхбаттаса алу. ОН2 Кәсіби қызметінде жаратылыстану-ғылыми, математикалық, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және инженерлік білімдерін, ғылыми және тәжірибелік зерттеулердің мәліметтерін, нормативтік құжаттар мен экономикалық талдау элементтерін математикалық өңдеу әдістерін қолдану арқылы көрсету. ОН3 Кәсіпорынның жедел және командалық қызметін ұйымдастыруды, бақылауды және үйлестіруді жүзеге асыру, күрделі міндет туындаған жағдайда оны орындау немесе оны орындау бойынша кеңестер беруді жүзеге асыру арқылы ақпараттық және есептеу сауаттылығы болуы тиіс, ақпараттарды жалпылау, талдау және қабылдай алу, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдай білу. ОН4 Электроника, микроэлектронды техника, автоматика элементтері мен құрылғылары жұмысының құрылымдық схемалары мен принциптерін білу негізінде басқарудың ақпараттық-өлшеу және автоматтандырылған жүйелерін әзірлеу үшін өлшеу, бақылау және басқару құралдарын негізді таңдауды жүзеге асыру, автоматтандырудың техникалық құралдарын пайдалану және жөндеу дағдыларын меңгеру. ОН5 Деректер қорын басқару жүйелерін және сараптамалық жүйелерді пайдалану, басқару объектілерін модельдеу және сәйкестендіру әдістерін, сондай-ақ зерттеулердің эксперименталды әдістерін меңгеру негізінде автоматтандыру және басқарудың оңтайлы, сенімді жүйелерін әзірлеу. ОН6 Басқару контурларын құрастыру және реттеуіштердің оңтайлы баптауларын есептеу, автоматты басқару теориясының негіздерін білуді пайдалана отырып, өлшеу құралдарының және автоматиканың бірқалыпты жұмысын және қажетті дәлдік деңгейін бақылауды қамтамасыз ету. ОН7 Қолданбалы ақпарат теориясының заңдары мен әдістерін меңгеру негізінде басқару жүйелерінде ақпарат тасымалдаушы сигналдарды жинау, түрлендіру және беру жүйелерін әзірлеу және талдау. ОН8 Әртүрлі технологиялық жабдықтарды логикалық басқару үшін өнеркәсіптік контроллерлердің басқарушы бағдарламаларын әзірлеу және қолданыстағы аналогтармен салыстыру арқылы олардың тиімділігін бағалау. ОН9 Белгілі бір жағдайға негізделген таңдау жасай отырып, типтік технологиялық процестер мен салалар үшін автоматты реттеу және басқару жүйелерін жіктеу жасау. ОН10 Техникалық тапсырманы әзірлеужәне автоматтандыру және басқару жүйелерінің жобалық құжаттарын рәсімдеу үшін автоматтандырылған жобалаудың мамандандырылған жүйелерін қолдану. ОН11 Зерттеу, кәсіпкерлік дағдыларын пайдалану және белгісіздік жағдайында жұмыс жасау дағдысы болу. ОН12 Өзін-өзі тәрбиелеу және салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын көрсете отырып, жеке және топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу. |