7M06140 Математикалық және компьютерлік модельдеу

БББ ПАСПОРТЫ

 

БББ атауы

7М06140- «Математикалық және компьютерлік модельдеу»

Білім беру саласының коды және жіктелуі

7М06–«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»

Дайындық бағыттарының коды мен жіктелуі

7М061–«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»

Білім беру бағдарламаларының тобы

М094-  Ақпараттық  технологиялар

Оқыту тілі

қазақша, орысша, ағылшынша

БББ көлемі

120 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Тұжырымдамалық, аналитикалық және логикалық ойлауға қабілетті, ұйымның стратегиясын анықтай алатын, адам қызметінің әртүрлі салаларында кездесетін процестерді математикалық және компьютерлік модельдеу саласында жаңа білім жиынтығы бар мамандарды даярлау.

Берілетін дәреженің аталуы

 «техника ғылымдарының магистрі»

Кәсіби қызмет саласы

Кәсіби қызмет саласы Ақпараттық технологиялар саласы болып табылады. Сонымен қатар кәсіби қызметтің саласы - ғылым мен білім беру, әртүрлі табиғат технологиясы, экономиканың нақты секторы, басқару және бизнес, математикалық және компьютерлік модельдеу әдістерімен айналысатын, статистикалық және эксперименттік деректерді өңдеу, сондай-ақ ақпаратты іздеу, сақтау, беру, өңдеу және қорғау саласы.

Оқыту нәтижелері

ОН 1Ана тілінде және шет тілдерінде жазбаша және ауызша сөйлесу, ақпарат басқару дағдыларын меңгеру
ОН 2Математика, механика, физика, информатика және ақпараттық технологиялардың қазіргі заманғы бағыттары бойынша іргелі білімге және оларды қолданбалы есептерге қолдану дағдыларына ие болу.
ОН 3Табиғи және техногендік процестерді компьютерлік модельдеу үшін тиімді алгоритмдерді және бағдарламаларды өздігімен дамыта білу.
ОН 4Гидрогазодинамиканың, жылу-масса алмасудың, тұтас, көп фазалы және дисперсті орта механикасының, химиялық және биотехнологияның, экология мен экономиканың қолданбалы есептерін шешудің тиімді модельдері мен алгоритмдерін әзірлеу әдістерін білу.
ОН 5Эксперименттер нәтижелерін талдау жүргізу және процестерді математикалық модельдеудің даму сатыларын талдау.
ОН 6Ғылымда, банк саласында, сақтандыру компанияларында және қаржы құрылымдарында математикалық және компьютерлік модельдеудің соңғы жетістіктерін қолдана білу.
ОН 7Бірнеше орындаушылардың күш-жігерін қолданбалы тапсырмалардың ерекшеліктерін білумен үйлестіруді қажет ететін күрделі қолданбалы модельдеу есептерін шешу үшін командада жұмыс істеу қажеттілігін түсіну.
ОН 8Экономика, техника және технологиялар саласындағы заманауи модельдеу, талдау және өңдеу әдістері негізінде алынған нәтижелерді түсіндіре отырып, сандық және заттай эксперименттік зерттеулерді жоспарлау және жүргізу қабілеті.
ОН 9Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып әртүрлі пәндік облыстарда математикалық үлгілерді дамытудың қолданыстағы әдістерін талдай білу.

ОН10Өмір бойы өз білімінің деңгейін арттыру қажеттілігін түсіну және өз біліктілігін жетілдіру қабілетіне ие болу.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.