6B07151 Электрмен жабдықтау

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В07151 – Электрмен жабдықтау

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В071  Инженерия және инженерлік іс

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В062 Электротехника және энергетика

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Электрмен жабдықтау саласында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, өзін-өзі дамытуға және техника мен технологиялар бакалавр біліктілігіне сәйкес негізгі қызмет түрлерін жүзеге асыруға қабілетті мамандарды дайындау

Берілетін дәреженің аталуы

«техника және технологиялар бакалавры»

Кәсіби қызмет саласы

- қәсіби қызмет саласы электр энергиясының ағындары мен осы процестерді өндіру, жеткізу, тарату, түрлендіру, қолдану және басқару үшін жағдайлар жасауға бағытталған адами қызметтің технологиялары, құралдары, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы саласы болып табылады.

-жоғарыда аталған процестерді іске асыратын элементтерді, аппараттарды, құрылғыларды, жүйелерді және олардың компоненттерін әзірлеу, дайындау, сапасын бақылау

Оқыту нәтижелері

ОН 1 Академиялық адалдық мәдениетінің қағидаларын түсіне отырып, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде кәсіби ортада және қоғамда еркін қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыру;

ОН 2 Деректерді математикалық өңдеу әдістеріне, ғылыми және эксперименттік зерттеулерге, нормативтік құжаттар мен экономикалық талдау элементтеріне сүйене отырып, кәсіби қызметте жаратылыстану, математикалық, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және инженерлік білімді айшықтау;

ОН 3 Ақпаратты талдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау үшін ақпараттық және есептеу сауаттылығын қолдану;

ОН 4 Электрмен жабдықтау жүйесінің жұмыс режимдерін оңтайландыру үшін электр энергетикалық технологиялардағы инновациялар және цифрлық РҚА мен АБЖ дамуының қазіргі заманғы үрдістері негізінде қажетті есептік деректерді алу және талдау;

ОН 5 Электр энергиясын өндіру, түрлендіру және тарату процестерін сипаттау, электромагниттік процестердің барысын, материалдардың электротехникалық қасиеттерін, электр жабдықтарының пайдалану қасиеттерін, заманауи электрмен жабдықтау схемаларын, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар жүйелері мен қорғаныс құралдарын түсінуді айшықтау;

ОН6 Жабдықтың электрлік бөлігін монтаждау, баптау, пайдалану және сынау жүргізудің әзірленген әдістемелеріне негізделген электрмен жабдықтау объектілерінің жай-күйін талдау және қасиеттері мен мінез-құлқын болжау үшін теориялық модельдер жасау;

ОН7 Электрмен жабдықтау жүйелерінде жабдықтың электр бөлігінің диагностикалық және жөндеу іс-шараларын өлшеу тәсілдеріне, әдістеріне және қазіргі заманғы құралдарына, ақпараттық технологияларға және еңбекті қорғауға сәйкес жүргізу;

ОН8 Электр кешендері мен жүйелерін бағалаудың техникалық, экономикалық, экологиялық өлшемдерін негіздей отырып, энергетикалық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін электротехникалық міндеттерді шешу;

ОН 9 Стандартты емес жағдайларда зерттеу, кәсіпкерлік және жұмыс дағдыларын қолдану;

ОН 10 Шығармашылық ойлау дағдыларын, салауатты өмір салтын, өзін-өзі тәрбиелеу қабілетін көрсету, жеке және топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу, өз көзқарасын дұрыс қорғау, әрекеттерді түзету және әртүрлі әдістерді қолдану.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.