Бесбаев Ғани Әбзелбекұлы

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің
Бесбаев Ғани Әбзелбекұлы 1976 жылы Түркістан облысында дүниеге келген.
Оңтүстік Қазақстан техникалық университетін "Экономикалық кибернетика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан техникалық университетінен бастады (қазіргі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті)
1997-1999 жылдары зерттеуші стажер.
1999-2002 жылдары аспирант.
2002-2005 жылдары "Математикалық әдістер және модельдеу" кафедрасының оқытушысы.
2005-2007 жылдары педагогикалық сырттай оқыту факультетінің деканы.
2007-2009 жылдары Қашықтықтан білім беру институты директорының орынбасары.
2009-2019 жылдары "Ақпараттық технологиялар және энергетика" жоғары мектебінің деканы.
2019-2022 жылдары "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" кафедрасының доценті.
2022-2023 жылдары Ж. А. Ташенев атындағы университеттің "IT және экономика" факультетінің деканы.
2023 ж.бастап М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету " кафедрасының доценті.
2024 жылдың 26 маусымынан бастап М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма мүшесі – Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры қызметін атқаруда.