Иманғалиев Ернар Иманғалиевич

Иманғалиев Ернар Иманғалиевич
Басқарма мүшесі, академиялық мәселелер жөніндегі проректор
Физика-математика ғылымдарының кандидаты
Ернар Иманғалиев 1976 жылы Талдықорған облысы, Киров ауданы, Куйбышев атындағы колхозда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Механика-математика» факультетінде, «Дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика» кафедрасында ассистент болып бастаған.
2000-2010 жж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Механика-математика» факультетінде ассистент, оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарды.
2010-2011 жж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Математика және механика» ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары;
2011-2013 жж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Механика-математика» факультетінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары;
2013-2014 жж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Математика және механика» ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары;
2014-2015 жж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Математика және механика» ғылыми-зерттеу институтының директоры;
2015-2024 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының ғылыми хатшысы, кейін вице-президенті;
2016-2025 жж. Қазақстан Республикасы Ғылыми және технологиялық ұйымдар қауымдастығының атқарушы директоры;
2025 жылдың ақпанынан бастап – Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма мүшесі, академиялық мәселелер жөніндегі проректоры болып еңбек етуде.