ОҚУ Корпоративтік этика кодексі - ішкі тәртіп ережесі
КІРІСПЕ СӨЗ БАСЫ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің осы Корпоративтік этика кодексі-ішкі тәртіп ережесі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 43 бабы 3 тармағына сәйкес қабылданды.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары, қызметкерлері мен білім алушылары:
- Корпоративтік этика кодексін сақтауға шешім қабылдағанын мәлімдейді, осы мақсатта педаогог пен жоғары оқу орны білім алушысының мәртебесіне лайық емес барлық мүмкін болған көріністерден бас тартады;
- Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, Жарғысы мен ұжымдық шарттарды, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректорының бұйрықтары мен өкімдерін құрметтейді және қатаң сақтайды;
- М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың биік мәртебесін қолдайды әрі оның іскерлік беделі мен имиджін нығайтуға ұмтылады;
- университет дәстүрін құрметтейді әрі ұлғайта түседі;
- басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиеттерінің тапталуына, оларға моральдық және материалдық зиян келтірілуіне, заңға қайшы әрекеттер жасалуына жол бермей, өзара қарым-қатынасымызды өзара құрмет негізінде құрамыз;
- діни, нәсілдік, ұлттық алауыздыққа қарсы тұрады және кез келген қатынаста төзімділік танытады;
- өздеріне М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Корпоративтік этика кодексі ережелерін сақтауға міндеттеме қабылдайды.
Корпоративтік этика кодексі - 1
Корпоративтік этика кодексі - 2
Корпоративтік этика кодексі - 3
Корпоративтік этика кодексі - 4
Корпоративтік этика кодексі - 5
Корпоративтік этика кодексі - 6
Корпоративтік этика кодексі - 7
Корпоративтік этика кодексі - 8
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз