Магистратура

  •  
    1. Жалпы ережелер

    М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына оқуға қабылдаудың қағидалары

    1. Жалпы ережелер

    М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ға магистранттар контингентін қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты және басқа да көздер есебінен оқу ақысын төлеуі арқылы жүзеге асырылады. Докторанттардың контингентін қалыптастыру мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жүзеге асырылады.

    Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар егер осы деңгейдегі білімді бірінші рет алатын болса, олар жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін ала алады.
    Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

    Магистратураға және докторантураға азаматтарды қабылдау түсу емтихандардың қорытындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

    Мынадай емтихандар бойынша: ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFLITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-basedTest (TOEFLIBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл - кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0); неміс тілі: Deutsche Sprachprьfungfur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі); француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу және тындалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Languefrancaisе (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 400 балл) бойынша Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары магистратураға және докторантураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады.

    Магистратураға және докторантураға түсушілердің өтінішін қабылдау 03 шілдеден 25 шілдеге дейін жүргізіледі. Магистратураға және докторантураға түсу емтихандары 08 тамыздан 16 тамызға дейін, қабылдау 28 тамызға дейін жүргізіледі.

  •  
    2. Магистратураға және докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау тәртібі

    2. Магистратураға және докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау тәртібі

    Магистратураға жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады.
    Құжаттарды қабылдау және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыруды қабылдау комиссиясы жүргізеді.

    Магистратураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттарды тапсырады:
    1) ұйым басшысының атына өтініш;
    2) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
    3) шет тілі бағдарламалары бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);
    4) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
    5) 3x4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;
    6) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
    7) жеке куәлігінің көшірмесі;
    8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса).Сонымен қатар осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары қоса ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

    Докторантураға «магистр» академиялық дәрежесі бар тұлғалар қабылданады.

    Докторантураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттарды тапсырады:
    1) ұйым басшысының атына өтініш;
    2) болжанған отандық немесе шетелдік ғылыми консультанттармен келісілген жоспарланған диссертациялық зерттеулер негіздемесі;
    3) жеке куәлігінің көшірмесі;
    4) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
    5) осы Қағидаларының 4-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);
    6) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса);
    7) 3x4 сантиметр мөлшердегі алты фотосурет;
    8) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
    9) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін) Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

  •  
    3. Түсу емтихандарын өткізу тәртібі

    3. Түсу емтихандарын өткізу тәртібі

    Шетелдіктерді қоспағанда, магистратураға және докторантураға түсуші Қазақстан Республикасының азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар түсу емтихандарын:

    1) таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс);

    2) мамандықбойыншатапсырады.

    Магистратураға және докторантураға түсуші шетел азаматтары түсу емтихандарын:

    1) мемлекеттік немесе орыс тілдері бойынша (оқытутілі);

    2) мамандық бойынша тапсырады.

    Магистратураға және докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезінде мамандықтарбойынша емтихан комиссиялары құрылады.

    Мамандық бойынша емтихан комиссиясы тиісті мамандықтар бойынша ғылыми дәрежесі бар қызметкерлерінен қалыптастырылады.

    Мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойынша өткізіледі.

    Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

    Бірыңғай талаптарды сақтауды және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету мақсатында апелляциялық комиссия құрылады.

    Апелляцияға берілетін өтінішті магистратураға және докторантураға түсуші тұлға апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия өтініш берген күннен бастап бір күн ішінде қарастырады.Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

    Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

  •  
    4. Магистратураға және докторантураға қабылдау

    4. Магистратураға және докторантураға қабылдау

    Магистранттар және докторанттар қатарына қабылдауды қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

    Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу емтихандарының қосындысында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша 150 балдан кем емес ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады. Шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарына бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша ең жоғары балл қосылады.

    Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі, мамандық бойынша түсу емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингілік ғылыми журналдардағы жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар, ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар/дипломдар ескеріледі.

    Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистрлер мен философия докторларын (РhD) мақсатты даярлауға тұлғаларды қабылдау аталған даярлауға үміткер тұлғалар арасында конкурстық негізде жүзеге асырылады.

    Бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша бағаларды ауыстыру жүйесі

    Бағалаудың 100 балдық шкала бойынша балдар

    Бағалаудың 4 балдық шкала бойынша балдар

    95-100

    Өте жақсы (5)

    90-94

    85-89

    Жақсы (4)

    80-84

    75-79

    70-74

    Қанағаттанарлық (3)

    65-69

    60-64

    55-59

    50-54

    0-49

    Қанағаттанарлықсыз (2)

  •  
    5. Магистратура білім беру бағдарламаларының тізімі 

    5. Магистратура білім беру бағдарламаларының тізімі 

    Білім беру тобының номері

    Білім беру тобының атауы

    Білім беру бағдарламасының атауы

    Оқу мерзімі

    (жыл)

    1.                   

    M001

    Педагогика және психология

    7M01110 Педагогика және психология

    2

    2.                   

    7М01113 Білім берудегі менеджмент

    2

    3.                   

    M002

    Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

    7M01210 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

    2

    4.                   

    M003

    Пәнсіз мамандандырылған педагогтерді даярлау

    7M01310 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

    2

    5.                   

    M007

    Көркем еңбек, графика және жобалау педагогтерін даярлау

    7M01430 Бейнелеу өнері және сызу

    2

    6.                   

    M008

    Кәсіптік оқыту педагогтерін даярлау

    7M01450 Кәсіптік оқыту

    2

    7.                   

    M010

    Математика педагогтерін даярлау

    7M01510 Математика

    2

    8.                   

    7М01534 Математика-Информатика

    2

    9.                   

    M011

    Физика педагогтерін даярлау

    7M01520 Физика

    2

    10.               

    7M01521 Физика (ағылшын тілінде оқыту)

    1,5

    11.               

    7M01522 Физика және информатика STEM оқыту негіздерімен

    2

    12.               

    M012

    Информатика педагогтерін даярлау

    7M01530 Информатика 

    2

    13.               

    7M01532 Информатика

    ((ағылшын тілінде оқыту)

    1,5

    14.               

    M013

    Химия педагогтерін даярлау

    7M01541 Химия

    2

    15.               

    7M01540 Химия ((ағылшын тілінде оқыту)

    1,5

    16.               

    M015

    География педагогтерін даярлау

    7M01560 География

    2

    17.               

    7М01563 География-Тарих

    2

    18.               

    M035

    Хореография

    7M02130 Хореография

    2

    19.               

    M039

    Кескіндеме

    7M02140 Кескіндеме

    2

    20.               

    M040

    Графика

    7M02150 Графика

    2

    21.               

    M043

    Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіптік дизайн

    7M02170 Дизайн

    2

    22.               

    M053

    Тарих және археология

    7M02220 Тарих

    2

    23.               

    7M02230 Археология және этнология

    2

    24.               

    M060

    Филология

    7M02310 Филология

    2

    25.               

    M063

    Саясаттану және конфликтология

    7M03120 Саясаттану

    2

    26.               

    M064

    Халықаралық қатынастар

    7М03110 Халықаралық қатынастар

    2

    27.               

    7М03112 Халықаралық қатынастар

    1

    28.               

    M066

    Психология

    7M03130 Психология

    2

    29.               

    M069

    Кітапхана ісі, ақпаратты өңдеу және архив ісі

    7M03210 Кітапхана ісі 

    2

    30.               

    M070

    Экономика

    7M04110 Экономика

    2

    31.               

    7M04112 Экономика

    1

    32.               

    M072

    Менеджмент және басқару

    7M04120 Менеджмент

    2

    33.               

    7M04122 Менеджмент

    1

    34.               

    7M04170 Іскерлік әкімшілік ету

    2

    35.               

    7M04172 Іскерлік әкімшілік ету

    1

    36.               

    M073

    Аудит және салық салу

    7M04130 Есеп және аудит

    2

    37.               

    7M04132 Есеп және аудит

    1

    38.               

    M074

    Қаржы, банктік және сақтандыру ісі

    7M04140 Қаржы

    2

    39.               

    7M04142 Қаржы

    1

    40.               

    M075

    Маркетинг және жарнама

    7M04160 Маркетинг

    2

    41.               

    M078

    Құқық

    7M04210 Құқықтану

    2

    42.               

    7M04212 Құқықтану

    1

    43.               

    7M04213 Қылмыстық-процестік қызметі

    1

    44.               

    7M04214 Қылмыстық-процестік құқық және криминалистика

    2

    45.               

    7M04216 Ғылыми азаматтық-құқықтық қызмет

    2

    46.               

    7M04217 Қылмыстық құқық және криминология

    2

    47.               

    7M04218 Қылмыстық құқық

    1

    48.               

    M080

    Биология

    7M05110 Биология

    2

    49.               

    M082

    Биотехнология

    7M05120 Агроөнеркәсіп және индустриалды аймақтағы экобиоқауіпсіздік

    2

    50.               

    7M05123 Биотехнология

    2

    51.               

    M087

    Қоршаған ортаны қорғау технологиясы

    7M05210 Экология

    2

    52.               

    7М05213 Тұрақты даму және экологиялық қауіпсіздік

    2

    53.               

    M084

    География

    7M05220 География

    2

    54.               

    M090

    Физика

    7M05310 Физика

    2

    55.               

    M089

    Химия

    7M05320 Химия

    2

    56.               

    M092

    Математика және статистика

    7M05410 Математика

    2

    57.               

    M094

    Ақпараттық технологиялар

    7M06110 Информатика

    2

    58.               

    7M06120 Ақпараттық жүйелер

    2

    59.               

    7M06130 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

    2

    60.               

    7M06140 Математикалық және компьютерлік модельдеу

    2

    61.               

    M097

    Химиялық инженерия және процесстер

    7M07160 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

    1

    62.               

    7M07162 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

    2

    63.               

    7M07170 Органикалық заттардың химиялық технологиясы

    2

    64.               

    7M07173 Мұнайхимия

    2

    65.               

    7M07175 Мұнайхимия

    1

    66.               

    7М07176 Мұнай және газды өңдеу технологиясы

    2

    67.               

    7М07177 Мұнай және газды өңдеу технологиясы

    1,5

    68.               

    7М07178 Мұнай және газды өңдеу технологиясы

    1

    69.               

    7M07190 Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы

    2

    70.               

    7M07192 Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы

    1

    71.               

    M099

    Энергетика және электр техникасы

    7M07150 Электроэнергетика

    2

    72.               

    7М07153 Электр энергетикасының цифрлық технологиялары

    2

    73.               

    M100

    Автоматтандыру және басқару

    7M07110 Автоматтандыру және басқару

    2

    74.               

    M103

    Механика және металл өңдеу

    7M07120 Машинажасау

    2

    75.               

    7M07180 Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)

    2

    76.               

    7M07183 Мұнай-газ кешені кәсіпорындарының технологиялық машиналары мен жабдықтары

    2

    77.               

    M104

    Көлік, көліктік техника және технология

    7M07130 Көлік, көліктік техника және технология

    2

    78.               

    7M07132 Көлік техникасын техникалық пайдалану

    1

    79.               

     

     

     

     

    M111

     

     

     

     

    Тамақ өнімдерін өндіру

    7M07240 Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы

    2

    80.               

    7M07243 Азық түлік өнімдерінің технологиясы

    2

    81.               

    7M07245 Азық түлік өнімдерінің технологиясы

    1

    82.               

    7M07250 Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы

    2

    83.               

    7M07253 Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің қауіпсіз технологиялары

    2

    84.               

    7M07255 Жануарлардан алынатын өнімдердің технологиясы

    1

    85.               

     

     

    M114

     

     

    Тоқыма: киім, аяқ-киім және былғары бұйымдар

     

    7M07230 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы

    2

    86.               

    7M07260 Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы 

    2

    87.               

    M115

    Мұнай инженериясы

    7M07210 Мұнайгаз ісі

    2

    88.               

    7M07212 Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану кезінде басқару

    1

    89.               

    7M07213 Ұңғымаларды күрделі жағдайда бұрғылау

    2

    90.               

    M117

    Металлургиялық инженерия

    7M07220 Металлургия

    1,5

    91.               

    7M07221 Металлургия

    1

    92.               

    7M07222 Металлургия

    2

    93.               

    M119

    Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

    7М07270 Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

    2

    94.               

    M122

    Сәулет

    7M07310 Сәулет

    2

    95.               

    M124

    Құрылыс

    7M07320 Құрылыс

    2

    96.               

    7M07322 Құрылыс

    1

    97.               

    M125

    Құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрастырылымдарының өндірісі

    7M07340 Құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрастырылымдарының өндірісі

    2

    98.               

    7M07342 Құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрастырылымдарының өндірісі

    1

    99.               

    M130

    Стандарттау, сертификаттау және метрология

    (сала бойынша)

    7M07510 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

    2

    100.           

    7M07513 Метрология

    2

    101.           

    M146

    Әлеуметтік жұмыс

    7M10210 Әлеуметтік жұмыс

    2

    102.           

    М147

    Туризм

    7M11110 Туризм

    2

    103.           

    M148

    Тынығу

    7M11120 Мәдени-тынығу жұмысы

    2

    104.           

    M150

    Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар

    7M11210 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

    2


 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.