Докторантура

  •  
    1. Жалпы ережелер

    М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына оқуға қабылдаудың қағидалары

    1. Жалпы ережелер

    М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ға магистранттар контингентін қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты және басқа да көздер есебінен оқу ақысын төлеуі арқылы жүзеге асырылады. Докторанттардың контингентін қалыптастыру мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жүзеге асырылады.

    Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар егер осы деңгейдегі білімді бірінші рет алатын болса, олар жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін ала алады.
    Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

    Магистратураға және докторантураға азаматтарды қабылдау түсу емтихандардың қорытындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

    Мынадай емтихандар бойынша: ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFLITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-basedTest (TOEFLIBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл - кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0); неміс тілі: Deutsche Sprachprьfungfur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі); француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу және тындалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Languefrancaisе (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 400 балл) бойынша Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары магистратураға және докторантураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады.

    Магистратураға және докторантураға түсушілердің өтінішін қабылдау 10 шілдеден 30 шілдеге дейін жүргізіледі. Магистратураға және докторантураға түсу емтихандары 1 тамыздан 20 тамызға дейін, қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.

  •  
    2. Магистратураға және докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау тәртібі

    2. Магистратураға және докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау тәртібі

    Магистратураға жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады.
    Құжаттарды қабылдау және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыруды қабылдау комиссиясы жүргізеді.

    Магистратураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттарды тапсырады:
    1) ұйым басшысының атына өтініш;
    2) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
    3) шет тілі бағдарламалары бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);
    4) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
    5) 3x4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;
    6) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
    7) жеке куәлігінің көшірмесі;
    8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса).Сонымен қатар осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары қоса ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

    Докторантураға «магистр» академиялық дәрежесі бар тұлғалар қабылданады.

    Докторантураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттарды тапсырады:
    1) ұйым басшысының атына өтініш;
    2) болжанған отандық немесе шетелдік ғылыми консультанттармен келісілген жоспарланған диссертациялық зерттеулер негіздемесі;
    3) жеке куәлігінің көшірмесі;
    4) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
    5) осы Қағидаларының 4-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);
    6) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса);
    7) 3x4 сантиметр мөлшердегі алты фотосурет;
    8) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
    9) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін) Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

  •  
    3. Түсу емтихандарын өткізу тәртібі

    3. Түсу емтихандарын өткізу тәртібі














    Шетелдіктерді қоспағанда, магистратураға және докторантураға түсуші Қазақстан Республикасының азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар түсу емтихандарын:

    1) таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс);

    2) мамандықбойыншатапсырады.

    Магистратураға және докторантураға түсуші шетел азаматтары түсу емтихандарын:

    1) мемлекеттік немесе орыс тілдері бойынша (оқытутілі);

    2) мамандық бойынша тапсырады.

    Магистратураға және докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезінде мамандықтарбойынша емтихан комиссиялары құрылады.

    Мамандық бойынша емтихан комиссиясы тиісті мамандықтар бойынша ғылыми дәрежесі бар қызметкерлерінен қалыптастырылады.

    Мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойынша өткізіледі.

    Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

    Бірыңғай талаптарды сақтауды және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету мақсатында апелляциялық комиссия құрылады.

    Апелляцияға берілетін өтінішті магистратураға және докторантураға түсуші тұлға апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия өтініш берген күннен бастап бір күн ішінде қарастырады.Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

    Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

  •  
    4. Магистратураға және докторантураға қабылдау

    4. Магистратураға және докторантураға қабылдау

    1 курсқа докторанттарды қабылдау бұйрығы

    Магистранттар және докторанттар қатарына қабылдауды қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

    Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу емтихандарының қосындысында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша 150 балдан кем емес ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады. Шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарына бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша ең жоғары балл қосылады.

    Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі, мамандық бойынша түсу емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингілік ғылыми журналдардағы жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар, ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар/дипломдар ескеріледі.

    Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистрлер мен философия докторларын (РhD) мақсатты даярлауға тұлғаларды қабылдау аталған даярлауға үміткер тұлғалар арасында конкурстық негізде жүзеге асырылады.

    Бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша бағаларды ауыстыру жүйесі

    Бағалаудың 100 балдық шкала бойынша балдар

    Бағалаудың 4 балдық шкала бойынша балдар

    95-100

    Өте жақсы (5)

    90-94

    85-89

    Жақсы (4)

    80-84

    75-79

    70-74

    Қанағаттанарлық (3)

    65-69

    60-64

    55-59

    50-54

    0-49

    Қанағаттанарлықсыз (2)

  •  
    5. Мамандықтар тізімі

    5. Мамандықтар тізімі

    Қазіргі таңда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттағы 19 докторантура мамандығы бойынша білім беру бағдарламалары бар.

    Докторантура мамандықтарының тізімі

     

    Білім беру тобының номері

    Білім беру тобының атауы

    Білім беру бағдарламасының атауы

    1

    D001

    Педагогика және психология

    8D01110 Педагогика және психология

    2

    D008

    Кәсіптік оқыту педагогтерін даярлау

    8D01450 Кәсіптік оқыту

    3

    D010

    Математика педагогтерін даярлау

    8D01510 Математика

    4

    D012

    Информатика педагогтерін даярлау

    8D01503 Информатика

    5

    D060

    Филология

    8D02310 Филология

    6

    D070

    Экономика

    8D04110 Экономика

    7

    D082

    Биотехнология

    8D05120 Агроөнеркәсіп саласындағы биотехнологиялық аспектілер

    8

    D087

    Қоршаған ортаны қорғау технологиясы

    8D05210 Экология

    9

    D092

    Математика және статистика

    8D05410 Математика

    10

    D097

    Химиялық инженерия және процесстер

    8D07160 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

    11

    8D07170 Органикалық заттардың химиялық технологиясы

    12

    8D07171 Мұнайхимия

    13

    8D07172 Мұнай және газды өңдеу технологиясы

    14

    8D07190 Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы

    15

    D100

    Автоматтандыру және басқару

    8D07110 Автоматтандыру, басқару және деректерді сандық өңдеу жүйелері

    16

    D103

    Механика және металл өңдеу

    8D07180 Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)

    17

    D114

    Тоқыма: киім, аяқ-киім және былғары бұйымдар

    8D07230 Жеңіл өнеркәсібіндегі инновациялық технология

    18

    8D07206 Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы 

    19

    D117

    Металлургиялық инженерия

    8D07220 Металлургия

    20

    D124

    Құрылыс

    8D07320 Құрылыс

    21

    D125

    Құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрастырылымдарының өндірісі

    8D07340 Құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрастырылымдарының өндірісі

    22

    D144

    Тынығу

    8D11120 Мәдени-тынығу жұмысы

    23

    D146

    Санитарлық-профилактикалық

    іс-шаралар

    8D11210 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі 



    Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы 5, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 3 ғимарат, 204 кабинет, Телефон: 8-7252-30-01-69

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.