Жатақханалардан орын бөлу

2022-2023 оқу жылында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті қабылдау комиссиясында құжаттарды ресімдеу кезінде бірінші курстардың деректері жинақталып, жатақханаға мұқтаждар саны анықталады.

Жатақханаға мұқтаж студенттер https://dorm.auezov.edu.kz/ru жүйесіне сілтеме арқылы тіркеліп, жатақхананы, бөлмені, орынды да өзі таңдайды. Жатақханаға орналасу ордері де, жатақханаға кіру рұқсатнамасы да – онлайн. Онлайн өтініш жіберген соң, арнайы комиссия  шешіміне сәйкес жатақханаға бірінші болып мүгедек студенттер, жетім студенттер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек ата - аналары бар балалар, ұлттық бірыңғай тестілеуде 120-дан астам балл жинаған студенттер, "Алтын белгі" және "Үздік аттестат" белгілерінің иегерлері, 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе оқитын көп балалы отбасылардың балалары, бір ата-анасы бар отбасылардың балалары орналастырылады.

Жатақханаға орналастыру барысында студентпен екі жақты келісімшарт жасалынады. Келісімшартта ішкі тәртіп ережелері, соның ішінде жатақханада тұру ережесі де енгізілген. Келісімшартты бұзу нәтижесінде студент  жатақханадан шығарылуы мүмкін.

Жатақханаларда бос орындардың болуы және оларға қоныстанған адамдар туралы мәліметтерді https://dorm.auezov.edu.kz/ru жүйесінен көруге болады.
             
 

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.