Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы жаңалықтары
"Шым қалаға" Экскурсия
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығында білім алып жатқан түркіменстандық азаматтар мен «ағылшын тілі» тобында оқитын тыңдаушылар "Шымкент қалалық музейлер бірлестігі" МКҚК "Шым қала" тарихи-мәдени кешеніне саяхаттап барды. Дайындық орталығының оқытушылары Асан Үсіпов пен Жұлдыз Байназарова шетелдік тыңдаушылардың тарихты тереңірек түсінуі үшін «мың естігеннен бір көрген артық» дегендей, тарихи жәдігерлермен жақынырақ танысуға оң ықпал етті.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз