C3QA жобасы

http://c3-qa.com/

http://erasmusplus.kz/index.php/rus/home-ru-ru/967-

C3QA «Еуропалық күн тәртібіне сәйкес 3-ші деңгейдегі білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін құру арқылы зерттеудің интернационализациялаудың дамуы»

«Еуропалық күн тәртібіне сәйкес 3-ші деңгейдегі білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін құру арқылы зерттеудің интернационализациялаудың  дамуы» C3QA Еуропалық жобаның М.Әуезов атындағы ОҚМУ 2016 жылы ЖОО-ң консорциум мүшесі болды.
Жобаны іске асыру мерзімі: қазан, 2016 жыл – қазан, 2019 жыл.
Жобаның мақсаты : білім беру бағдарламаларының 3-ші циклінің сенімді интернационализациялау үшін сапаны қамтамасыз ету жүйесін дамыту және енгізу арқылы Армения, Қазақстан, Моңғолия мен Украинада, білімге негізделген қоғам құруға ықпал ету.
Жобаның қатысушылары Франция, Испания, Польша, Армения, Қазақстан, Украина және Моңғолия университеттері мен аккредиттеу агенттіктері болып табылады.

Жобаны іске асыру бойынша жоспарланады:

  • Ұлттық деңгейде сыртқы сапа кепілдігінің (EQA) тиімді жүйесін әзірлеу және іске асыру.
  • ЖОО – да ішкі сапа жүйесін қамтамасыз ететін IQA-ді әзірлеу, мақұлдау және ендіру.
  • Докторлық білімде Еуропалық сапа стандарты және Зальцбург принциптерін ендіруді қамтамасыз ету.
  • «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» докторлық бағдарламаларға жаңартылған стандарттармен пилотты аккредитация жүргізу.

Жоба шеңберінде орындалды:

  • Жаңартылған стандарт бойынша «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» докторлық бағдарламасының пилотты аккредиттеуі жүргізілді
  • Жоба шеңберінде жасалған, докторантура сапасын қамтамасыздандыру бойынша Басшылық құрылды

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-деC3QA жобасының жұмыс тобын университеттің бірінші проректоры Нұрманбетов Қ.Е. басқарады.

Жобада докторантура PhD, сыртқы және ішкі сапа кепілдігі жүйесін, докторантура PhD білім беру бағдарламаларын аккредиттеу үшін жаңа стандарттар бойынша білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу және енгізу жоспарланады. Қазақстандық білім беру бағдарламаларына докторантура PhD, жаңа сапа стандарттарымен аккредиттеу тәуелсіз жүйенің дамытуының сапасын қамтамасыз етуінің маңызды үлесі болып табылады. Сонымен қатар, докторлық білімнің дамуына байланысты жобаның аясында әр жоо-қатысушысы жобалық кеңсемен жабдықталған.

Ұйымдастыру отырысы (kick off meeting)
2017 жылы 3 ақпанда Ереван қаласы Арменияда Француз университеті базасында (UFAR) консорциум жобасы ЭРАЗМУС+Байқауы II (2016) C3QA «Еуропалық күн тәртібіне сәйкес 3-ші деңгейдегі білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін құру арқылы зерттеудің интернационализациялаудың дамуы» қатысушылардың ұйымдастыру кездесуі өтті.
Іс-шарада еуропалық серіктестер Universite Jean Moulin Lyon III (Франция),   Universite d'Auvergne Clermont-Ferrand 1 (Франция), Haut Conseil de l'évaluation de la recherche et de l'ES (Франция), Universidad de Alcala (Испания), Uniwersytet Jana Kochanowskiego W Kielcach (Польша) және де Қазақстан, Украина, Монголия және Арменияның аккредитациялық агенттіктері және жоо мемлекет-серіктестері қатысты. 
Жобаның Қазақстандық делегациясын ҚР Білім және Ғылым министрлігі, білім берудің сапасын қамтамасыздандырудағы тәуелсіз қазақстандық агенттік  (НКОКО), М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті,  Қазақ гуманитарлық заң университеттері ұсынды. М.Әуезов атындағы ОҚМУ Академиялық ұтқырлық және халықаралық рейтингтер орталығы директоры Ефимова И.Е. және аккредиттеу бөлімінің басшысы Абдижаппарова Б.Т. М.Әуезов атындағы ОҚМУ атынан кездесуге қатысты.
Ереван қаласында кездесуде жұмыс топтары бекітілді, жоба жетекші комитетінің құрамы анықталды және әр жұмыс тобының үйлестірушілері, сонымен қатар жобаны қаражаттандыру мәселесі,  есеп және жобалық нәтижелерін тарату талқыланды.
Қазақстандағы осы жобаның Ел үйлестірушісі Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігі болып табылады.

C3QA жобасын жүзеге асыру кезеңдері

2017 жыл

- Қазақстан Республикасындағы докторлық білімге шолу жасау үшін ақпарат дайындалды:

- Докторлық білім беру саласындағы Еуропалық жоғары білім кеңістігінің ережелері мен ұсынымдарының жинағы жасалды (сілтеме 1).

- Докторантурада оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірленді және шығарылды (сілтеме 2)

- Докторлық диссертацияларды қорғау бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірленді және шығарылды (сілтеме 3).

- C3QA командасының мүшелерін сапаны қамтамасыз ету жүйесі бойынша семинар-тренингтерде оқыту(Киев қ., Украина, Мадрид қ., Испания)

- докторлық білім беру кабинетіне техника сатып алынды.

2018 жыл

- Докторанттарға арналған кабинет дайындалды (жөндеу жұмыстары, интернет орнату, корпоративтік желі, сатып алынған жабдықтар)

- Еуропалық серіктестердің докторлық оқыту тәжірибесі орыс (сілтеме 4) және қазақ (сілтеме 5) тіліне аударылды (Польша)

- Докторантурадағы ішкі сапаны қамтамасыз ету бойынша Нұсқаулық әзірленді. Нұсқаулық құрылымы Еуропалық кеңістігіндегі жоғары білімнің жоғары білім сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттары мен нұсқаулықтарына толық сәйкес келеді(ESG - 2015), Зальцбург принциптерін ескереді (http://c3-qa.com/project-documents/, сілтеме 6)

- С3QA жобасының мақсаттары мен міндеттерімен танысу, ОҚМУ докторантурасындағы ішкі сапаны қамтамасыз ету бойынша нұсқаулықты таныстырылымы, зерттеулердің адалдығына қатысты Еуропалық тәртіп кодексімен танысу үшін Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебінің докторанттарына арналған семинар жүргізілді(10.10.2018 ж.). Докторанттарға сауалнама жүргізілді.

- Жобаға қатысушылар докторлық білім беру тәжірибесімен бөлісу  конференцияда баяндама жасады (Астана қаласындағы  семинар, қазан, 2018ж.):

  • Assuring quality in Cycle 3 (doctoral programmes) through creation of a proper organizational context, research environment and admission: SKSU experience
  • Effective research training in Cycle 3 (doctoral) programmes
  • Doctoral student supervision, progress monitoring,  and procedures and criteria for QA of Doctoral dissertation and its final assessment: SKSU experience

- Докторантурадағы ішкі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Нұсқаулық ОҚМУ Ғылыми кеңесінде қабылданды (26.12.18 ж. №5 хаттама).

- C3QA командасының мүшелерін сапаны қамтамасыз ету жүйесі бойынша семинар-тренингтерінде оқыту(Лион қ., Франция).

2019 жыл

 - 6D072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының докторантураға арналған IQAA-ның жаңа стандарттары бойынша аккредитацияның өзін-өзі бағалау есебі дайындалды (http://c3-qa.com/project-documents/).

- 2019 жылдың 11-12 наурызында 6D072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының аккредитация бойынша IQAA сарапшыларының сыртқы аудиті жүргізілді /kk/ )

- 2019 жылдың 30-шы наурыздағы Аккредитациялық кеңес отырысында 6D072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы 5 жылға аккредиттелді (/kk/ ).

- 2019 жылы 17 сәуірде жобаны жүзеге асыру барысындағы алынған білім мен тәжірибе негізінде, ОПҚ үшін докторлық бағдарламалардың «докторлық оқыту: болмыстар мен трендтер» тақырыбында семинар жүргізілді (/kk/ ).

- C3QA командасының мүшелері Сейтмагзимова Г.М. (SAFAA, «Fine Arts, Design and Decorative Apl. Arts» білім беру бағдарламасы) және Абдижаппарова Б.Т. (YSU, Biology) 2019 жылдың 29-30 сәуірде армяндық университеттердің докторлық бағдарламаларын пилоттық аккредиттеуден өткізуге академиялық сарапшылар ретінде қатысты.

- 27.05.2019 ж. күні IQAA ұйымдастырған білім беру сапасын бағалау бойынша халықаралық сарапшылар конференциясында «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының меңгерушісі Сейтмагзимова Г. М. алған тәжірибесімен бөлісу үшін "Erasmus + (С3QA) жобасы аясында әзірленген стандарттарға сәйкес докторлық бағдарламаларды аккредиттеу шеңберінде ЖОО сыртқы аудитке қатысу тәжірибесі" тақырыбында баяндама жасады (https://iqaa.kz/kz/ ).

Жарық көрген мақалар

  • «На пути к качеству»  / Панорама Шымкента. – 27 июля 2017 года https://panorama.shymkala.kz/index.php/education/item/1874-na-puti-k-kachestvu;
  •  «Новый уровень образования» / Университет, №10-11 от 08.11.2017 года;
  • Обеспечение качества в докторантуре // Современное образование №2 (110), 2018. – С. 106-108 https://docs.wixstatic.com/ugd/c11ddf_4ad44181985c42bf8b7cab81f4df7978.pdf.
  • Aspects of quality assurance in European doctoral education // труды II Международного форума педагогов новаторов «Современное образование: вызовы, тренды», 2019 г.б с.206-208.

Көрсетілген вебсайт парақшасы Еуропалық комиссияның қолдауымен құрылған. Парақшаның мазмұны авторлардың жауапкершілігінің көрінісі болып табылады және Еуропалық Комиссияның көзқарасын білдірмейді. Комиссия онда қамтылған ақпаратты пайдалануға жауапты болмайды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.