«Жас ғалымдар – ғылымдағы өзгерістер көшбасшысы» дөңгелек үстелі

Луи Пастердің айтқанындай «Ғылымның дамуы оның ғалымдарының еңбегімен және олардың ашқан жаңалықтарының құндылығымен анықталады».

Бұған 2022 жылы университет ғалымдарының қаржы көлемі 1 млрд. 802 млн. теңгені құрайтын ғылыми жобаларды ұтып алуы негіз бола алады. Оның ішінде 552 млн. теңге жас ғалымдар жобасының қаржы көлемін құрайды. Атап айтар болсақ, «Жас ғалым»-постдокторанттардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыру нәтижесінде  қаржы көлемі 288 млн. теңге болатын 16 жоба орындалуда. Жас ғалымдардың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін қаржыландыру бойынша 5 жобаның  қаржы көлемі 263 млн. теңгені құрап отыр. Қазақстан Республикасы Ғылым қызметкерлері күні мерекесіне арналған Ғылым онкүндігі аясында 14 сәуір күні «Жас ғалымдар – ғылымдағы өзгерістер көшбасшысы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге университетіміздің «Жас ғалым» грант иегерлері, жас ғалымдар зерттеулерінің грант иегерлері қатысты. Дөңгелек үстелді PhD, Ғылыми жобалар және бағдарламалар департаментінің директоры Парманкулова Перизат Жақсылыққызы жүргізді. Дөңгелек үстел спикерлері, PhD,  «Жас ғалым» грантының иегерлері Таджиев Хамидулла Хабибуллаұлы, Бажирова Камшат Нурлыбекқызы, PhD докторант,  «Жас ғалым» грантының иегері Кудабаев Руслан Бахтиярұлы өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарына тоқтала отырып, өз зерттеулерінің ғылымға және елімізді дамытуға қосар үлесі туралы айтып өтті. Сонымен қатар жас ғалымдар ғылымның бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерін, мемлекеттің дамуындағы айрықша рөлін сөз етті. Дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті және жас ғалымдар мұндай бас қосуларды ай сайын өткізіп отыруды жоспарлады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.