«ЖАС ҒАЛЫМ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ГРАНТТЫҚ КОНКУРС ЖАРИЯЛАНДЫ

М.Әуезов атындағы ОҚУ, Ғылыми жобалар және бағдарламалар департаменті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2027 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жариялағанын хабарлайды.

Конкурс ғылымды дамытудың 7 басым бағыттары бойынша жарияланды:

– Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану;

– Энергия, озық материалдар және көлік;

– Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар;

– Елдің зияткерлік әлеуеті;

– Өмір және денсаулық туралы ғылым;

– Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту;

– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік

Іске асыру мерзімі - 36 ай.

3 жылға қаржыландыру  - 30 млн.теңге:

2024 жылға – 10 млн. теңге;

2025 жылға – 10 млн. теңге;

2026 жылға – 10 млн. теңге.

Гранттар постдокторлық бағдарлама шеңберінде зерттеуді іске асыру жоспарында қойылған міндеттерді шешуге бағытталған қолданбалы және іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге жас постдокторант ғалымдардың шығыстарын қаржыландыру үшін бөлінеді.

Конкурсқа философия докторы (PhD)/бейіні бойынша доктор немесе ғылыми дәрежесі (ғылым докторы/кандидаты) бар, докторантура бағдарламасының толық курсын (өтінім беру сәтінде) бітірген, 40 жасқа дейінгі жас ғалымдар (өтінім беру сәтінде қоса алғанда) өтінім бере алады.

Конкурсқа өтінімдер (жобалар) қабылдау  2024 жылғы 05 қыркүйектен басталады.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні – 2024 жылғы 04 қазан (қоса алғанда).

Өтінімдер (жобалар) «ҰМҒТСО» АҚ-ның  is.ncste.kz сайтына беріледі.

Конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу жөнінде түсіндіру және ақпарат алу: М. Әуезов атындағы ОҚУ, 16 ғимарат, 210, 218 кабинеттер, эл. почта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Байланыс нөмірлері: +77058871166; +77079585815; +77768601992; +77029199418; +77768601994.

 

 

 

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.