Жаңалықтар
ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ДАРХАН АХМЕД-ЗАКИ ЖАС ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
- Қаралды: 35
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы-ректор Дархан Ахмет-Заки ғылым айлығы аясында жас ғалымдармен кездесті.
«SCIENCE OPEN SPACE» іс-шарасының мақсаты – отандық және университеттік ғылымды дамыту бойынша өзекті мәселелер мен стратегиялық перспективаларды талқылау, сондай-ақ университеттің жас ғалымдарының негізгі ғылыми зерттеулерімен танысу.
Ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректор Уланбатор Сүлейменов ғылым бағытындағы жұмыстарды, Ғылыми жобалар мен бағдарламалар департаментінің директры Перизат Парманқулова жас зерттеушілердің негізгі жетістіктерін баяндады.
Кездесу бағдарламасы үш форматта жүзеге асырылды:
- «Жас ғалым» бағдарламасы бойынша грант иегері аяқталған жобалардың жетекшілерінің баяндамалары – нәтижелерімен бөліскен жас ғалымдар: Туракулов Бахриддин, Райымбеков Еркебұлан және Утебаева Айдана.
- «Жас ғалым» бағдарламасы бойынша әрекет етуші жобалар постерлік сессиясы – өз жобаларын таныстырғандар: Уәли Алмас, Асылханқызы Айгерім, Сыздықова Маржан және Серикбаева Багдагул.
- «Zhas galym» ішкі университеттік байқауы грант иегерлерінің бейнепрезентациясы – ғылыми бастамаларымен бөліскендер: Габрилянц Элеонора, Сабырханова Салтанат, Ташенов Еркебұлан және Уразкелдиева Дилбар.
Кездесу соңында интерактивті «сұрақ-жауап» сессиясында ғылым мен білім саласындағы өзекті тақырыптар талқыланды. Кездесу қорытындысында жас ғалымдарға арналған стратегиялық міндеттер айқындалды. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, ғылыми диалог пен тәжірибе алмасуға маңызды алаңға айналды.