Жаңалықтар
«ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАР АРАСЫНДА ДӘРІС ӨТТІ
- Қаралды: 25
Қаржылық қауіпсіздік – әр азамат үшін маңызды мәселе. Әсіресе интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерден жастарды қорғау өзекті болып тұр.
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен еліміздің барлық аймақтарында бір уақытта «Қаржылық қауіпсіздік негіздері» тақырыбында жастар арасында дәріс өтуде. М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де өткен дәріске университеттің Басқарма төрағасы-ректор Дархан Ахмед-Заки, Шымкент қалалық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Бақыт Қайшыбеков, оқу ордасының профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.
–Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың қаржылық сауатын арттыруда, әсіресе, жастар арасында тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қаржылық мәдениетті қалыптастыру қажеттілігін айтып келеді. Мұндай дәрістерде студент-жастарымыз маңызды ақпаратқа қол жеткізіп, келешекте жағдайдың мән-мағынасын түсіне отырып, шешім қабылдайтынына сенімдіміз, - деді Дархан Жұмақанұлы.
Ресми ақпараттарға сүйенсек, 2024 жылы 29 қаржылық пирамида анықталып, 327 чат бұғатталған, оған қатысушылар саны 1,5 миллион адамға жеткен. Сол қаржылық алаяқтарға алданып жатқандардың басым бөлігі жастар болып отыр. «ХХІ ғасырдағы сандық тұзақтар» немесе «өзіңізді қаржылық алаяқтардан қалай қорғауға болады?», «Дроптар деген кімдер және қаржылық пирамидағы қалай алданбауға болады» деген сауалдардың жауабын мамандар қарапайым мысалдар, сауалнамалар, әлеуметтік роликтер, түрлі ойындар арқылы түсіндірді. Дәрісте университеттің студенттері белсенді қатысып, сауалдарға жауап беріп отырды.
Іс-шараға елімізге танымал «Миллион» командасы және әнші Machenski қатысып, жастарды алаяқтықтан сақтануға шақырды.