Университет шежересі
Соғыстың қайнаған кезінде, 1943 жылдың 19 маусымында КСРО Халық комиссарлары кеңесінің №679 қаулысымен Халком Кеңесінің өкілеттігіндегі КСРО Құрылыс материалдары Халкомына және жоғары мектеп жұмыстары бойынша Бүкілодақтық Комитетке Құрылыс материалдары технологиялық институтын ұйымдастыру рұқсаты берілді.
1943 жылдың 29 маусымында жоғары мектеп жұмыстары жөніндегі КСРО Халкомы және КСРО құрылыс материалдарын өндіру комиссарының «Қазақ КСР-і Шымкент қаласында құрылыс материалдары технологиялық институтын ұйымдастыру жөнінде» бірлескен бұйрығы шықты.
1943 жылдың 24 маусымында Оңтүстік Қазақстан облыстық атқару комитеті мен облыстық коммунистік большевиктер партиясы комитетінің №274/336 бірлескен шешімімен Советская көшесі, №40 үйдегі педучилищенің үш қабатты ғимаратын институтқа тапсырды.
КСРО құрылыс материалдары Халком кеңесі және КСРО Халком кеңесіне қарасты жоғары мектеп жұмыстары жөніндегі Бүкілодақтық комитет 1943-1944 оқу жылына 150 адам қабылдау жоспарын белгіледі. Институтты ашу Қазақстан және Орта Азия республикаларын, Сібір мен Қиыр Шығыста құрылыс индустриясы мен кұрылыс материалдары өндірісінің дамуын инженер кадрлармен қамтамасыз ету қажеттілігінен туды.
Шымкент құрылыс материалдары технологиялық институтының ғимараты (1943 ж.) | Институт жатақханасы |
Жаңа ашылған жоғары оқу орнында:
технологиялық - «Силикаттар технологиясы (шыны, керамика, тоқыма)» мамандығы бойынша;
тау-кен - «Кенсіз қазбаларды өндіру және пайдалану» мамандығы бойынша екі факультет болды.
Іле-шала қоғамдық ғылымдар, математика, механика, физика, химия, графика, минералогия және кристаллография кафедралары ашылды. Институт ашылған жылы 18 оқытушы, 2-і профессор, 5-і доцент еді.
1957 жылы Құрылыс материалдары технологиялық институты «Қазақ технологиялық институты» болып өзгерді. Ал 1964 жылы институт «Қазақ химия-технологиялық институты» болып қайта өзгертілді.
1996 жылдың 7 мамырында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №573 Қаулысымен Қазақ химия-технологиялық институты Оңтүстік Қазақстан техникалық университеті болып қайта құрылды.
БАСШЫЛЫҚТА КІМ ТҰРДЬІ
Шымкент құрылыс материалдары технологиясы институтының алғашқы директорлығына Киев индустриялық техникумының директоры Деляур Константин Александрович тағайындалды. Ол Шымкент қаласында техникалық жоғары оқу орнының құрылуына кажетті мүмкіндіктерді жасауда көп еңбек етті.
1944 жылы К.А.Деляур Украинаға шақырылды да, Сафа Үмбеталыұлы Үмбеталин директор міндетін атқаруға кірісті. С.Ү.Үмбеталин институтқа басшылық жасаған жылдары (1944-1957 жж.) институттың материалдық-техникалық базасын жасаумен бірге оқу орнын педагог кадрлармен толықтырды. Профессор-оқытушылар құрамын толықтыру жұмысы КСРО жоғары білім министрлігінің мамандарға жолдама беру тәртібімен жүргізілді, сонымен бірге ПОҚ қызметіне бос орындарға конкурс жариялау арқылы қабылданды.
КСРО ЖБМ 1947 жылы технологиялық жоғары оқу орындарында тау-кен факультеттерін жапты. Болашақ 22 тау-кен маманы Қазақ тау-кен металлургия институтына ауыстырылды. Сафа Үмбеталыұлының күш салуымен технологиялық факультет одан әрі карай дамуға бет алды. Ол заман талабына сай оқу корпусының, студенттер жатақханасы мен оқытушылар мен қызметкерлерге арналған тұрғын үй кұрылысына қаржы бөлінуіне қол жеткізді.
1948 жылы инженер-технолог-силикатшы мамандығы бойынша алғаш рет 23 түлек бітіріп шықты. Солардың бірі институтты үздік бітірген, соғысқа қатысқан А.А. Балакирев еді. Ол ұзақ жылдар «Керамиканың химиялық технологиясы және отқа төзімділігі» кафедрасының меңгерушісі, профессоры қызметін атқарды. Ол еліміздің құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдары өнеркәсібіне мамандар даярлауға үлкен үлес қосты.
1948-1957 жылдар арасында 532 маман бітіріп шықты. Институт өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Бітірушілер КСРО-ның барлық аймақтарына жолдама алып жатты. 1956 жылы жоғары оқу орны «Химия өндірісінің машиналары мен аппараттары» мамандығына алғаш рет студенттер қабылдады. 1957 жылы «Тоңазытқыш және компрессорлық қондырғылар мен машиналар», «Ет және сүт өнімдерінің технологиясы», «Астық өңдеудің технологиясы және сақталуы» мамандықтары ашылды.
1957 жылы екі факультет жұмыс істеді: технологиялық және механикалық. Институт үзіліссіз оқыту түрінде мамандар даярлай бастады. Сол кезде Аркадий Владимирович Измайлов директор болды.
Қазақ Технологиялық институтына 1958 жылы Қали Біләлұлы Біләлов тағайындалды. Институтты екі жыл басқарған соң 1959 жылы ол Қазақ КСР жоғары білім министрі болып тағайындалды. Ол орталық жоғары оқу орындарында мақсатты аспирантура арқылы жоғары оқу орындарына мамандар даярлау бастамасын көтерді. Қали Біләлұлы кәсіби құрылыс мамандарын даярлау мәселесін шешуге қол жеткізді.
КСРО Жоғары білім министрлігінін №354 бұйрығымен 1958 жылы Жамбыл каласында Қазақ технологиялық институтының кешкі филиалы ашылды. Бір жылдан соң, 1959 жылы, КСРО ЖБМ №763 бұйрығымен сол жерде тамақ өнімдері технологиясы мамандығы бойынша 100 адам қабылдау жоспарымен күндізгі факультет ашылды. Осының негізінде кейінірек Жамбыл жеңіл жэне тамақ өндірісі технологиялық институты ашылды.
1963 жылы Қазақ КСР Жоғары және орта арнаулы білім министрлігінін №336 бұйрығымен Семей қаласында Қазақ технологиялық институтының филиалы ашылды да, соңынан Тамақ өнеркәсібі технологиялық институты болды. Осылайша Қазақ технологиялық институты екі институтқа кең өріс ашты, соңғылары кейінірек ірі оқу орындарына айналды.
1959 жылдан институтты осы оқу орнының түлегі, техника ғылымдарынын докторы, профессор, Қазақ КСР ҒА академигі, оның президиум мүшесі, Инженерлер Академиясының академигі болған Сүлтан Тәшірбайұлы Сүлейменов басқарды. Ол ҚазХТИ-ды 1974 жылға дейін басқарды.
Бұл кезең институттың қарқынды даму дәуірі болды. Бас ғимарат, «А» жэне «Б» оқу-лабораториялық ғимараты, студенттер үшін төрт жатақхана, үлкен асхана, «Машат» шатқалындағы спорт-сауықтыру лагері салынып, «В» оқу- лабораториялық ғимараты, оқытушыларға арналған екі тұрғын үй мен 24 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы басталды.
С.Т.Сүлейменов кадрлар даярлауға болашақ тұрғысынан кірісті. 1964 жылы институтта өз аспирантурасы ашылды. 30 кафедрада 370 окытушы жұмыс істеді. Алғашқы кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды.
Құрылыс және құрылыс материалдары, химиялық технология ғылыми мектептері қалыптасып, дами түсті. ҚазХТИ Бүкілодақтық ғылыми кеңестер мен семинарлар өткізуді бастады, атап айтқанда, майды гидрогенизациялау, қант жэне шайыр катализаторлары бойынша Бүкілодақтық Кеңес және өндіріс теориясы мен тәжірибесі бойынша Бүкілодақтық семинар өтті.
1975-1980 жылдары институтты химия ғылымдарының докторы, профессор Зейнолла Молдахметұлы Молдахметов басқарды. Қазір ол ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан-Ресей университетінің ректоры.
«В» оқу ғимаратының құрылысы осы кезеңде аяқталды.
Керемет кондырғылардың күшімен физика-химиялық әдістермен зерттеудің кафедрааралық лабораториясы іске қосылды. Құрылыс индустриясы мен химия өнеркәсібіне инженер-экономистер даярлайтын мамандықтар ашылды.
Институт ғылыми семинарлар мен конференциялар өтетін орталыққа айналды. «Химия өндірісінің қазіргі машиналары мен аппараттары» деген Бүкілодақтык I конференция, Теориялық химия бойынша бүкілодақтық мектеп өтті.
1980-1988 жылдарда Қазақ химия-технология институтын техника ғылымдарының докторы, профессор Шаяхмет Молдабекұлы Молдабеков басқарды, қазір ол ҚР Ұлттық Инженерлер Академиясының академигі.
Бүл кезеңде институтта кандидаттық жэне докторлық диссертациялар дайындауға және қорғауға мүмкіндіктер жасалды. Осының нәтижесінде 1987 жылға қарай 505 оқытушының 297-сінің (60%) ғылыми дәрежесі мен атағы болды. 13 адам докторлық диссертация қорғады. Осы жылдары институт оқытушылары мен қызметкерлері 307 авторлық куәлік алды.
КСРО ЖМ ҒЗИ жоспарына сәйкес, жоғарғы мектеп проблемаларына қатысты ғылыми- әдістемелік жұмыстар белсенді түрде жүргізіліп отырды. Институттың қоры екі есе өсті, лабораториялар жаңа ғылыми және оқу құрылғыларымен жасақталды, ЕС-2 ЭВМ класс құрылғысы алынды, қызметтік компьютерлер жүз данаға дейін көбейтілді, Оқытушылар үшін екі түрғын үй салу қолға алынып, «Машат» пен «Қызылкөл» демалыс аймағында заманауи коттедждер тұрғызылды. «Г» жэне «Д» оқу ғимараттарының құрылысы басталды. Әрбір студентке тиесілі оқу алаңы бұл кезде 15 шаршы метрге дейін жетті.
ҚазХТИ бірнеше мәрте ҚазКСР және КСРО ЖОО министрлігінің мақтау қағаздарымен, ауыспалы Қызыл Туымен, Қазақстан коммунистік партиясы орталық комитетінің дипломымен марапатталды, КСРО Социалистік жарысының жеңімпазы атанды.
Институтты 1988 жылдан 1991 жылға дейін қазіргі кезде әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың кафедра меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Наурызбаев Михаил Қасымұлы басқарды. Ол басқарған жылдары «Г» жэне «Д» оқу-лабораториялық ғимараттары тұрғызылды, кешкі және сырттай оқытатын физика- математикалық мектеп ашылды. 1989 жылы «Химия технологиясының аппараты мен ісі» мамандығы бойынша, ал 1990 жылы «Бейорганикалық заттар технологиясы» мамандығы бойынша докторантура ашылды. Осы мамандықтар бойынша 1991 жылы КСРО ЖАК шешімімен докторлық, кандидаттық диссертаңия қорғайтын мамандандырылған кеңес құрылды.
1992-1996 жылдары аталмыш оқу орнын физика-математика ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Тынысбек Шәріпұлы Кәлменов басқарды. Бұл жылдар тәуелсіз Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі мен нарықтық қатынасқа өту кезеңімен айқындалды. Биотехнология, тамақ өнеркәсібі бойынша 20 мамандық, инженер- экономикалық, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі бойынша 2 факультет ашылды.
1996 жылдары ҚазХТИ-дың кадрлық және ғылыми мүмкіндіктері жоғары болды, жаңа заманауи материалдық-техникалық база жасалды, мемлекеттік аттестациядан өтті. Осының негізінде ЖОО-ға «Техникалық университет» мәртебесі берілді. ҚР Үкіметінің 1996 жылдың 7 мамырындағы №573 қаулысымен ҚазХТИ Оңтүстік Қазақстан Техникалық университеті (ОҚТУ) деп өзгертілді.
1997 жылдың наурыз айынан бастап ОҚТУ-ды ҚР ҰИА академигі, т.ғ.д., профессор Айнабеков Алпысбай Иманқұлұлы басқарды. Екі жыл өткеннен кейін ҚР Үкіметінің 24.03.1998 жылғы №256 қаулысына сәйкес ЖОО М.Әуезов атындағы ОҚГИ-мен біріктірілудің негізінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті болып өзгерді.
1998 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың ректоры болып педагогика ғылымдарының докторы, профессор Медеуов Есенгелді Өміржанүлы тағайындалды.Осы уақытқа дейін университетте 8 факультет бар еді. 40 кафедра 31 мамандық бойынша мамандар даярлайтын. Студенттер контингенті 70 шет мемлекеттерді қоса есептегенде 5000 студентті құрады.
2001 жылдан 2012 жылдың қаңтарына дейін М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ды ҚР ҰҒА және ҚР ҰИА академигі, т.ғ.д., профессор Уәлихан Қозыкеұлы Бишімбаев басқарды. Осы жылдары кредиттік оқу жүйесі енгізілді, Болон процесі принциптерімен жұмыс істеуге көшті, сапа менеджменті жүйесі қалыптасты, университет ИСО 9001 халықаралық стандартынан өтті. М.Әуезов атындағы ОҚМУ ҚР БҒМ ҰАО-нан бірінші болып институттық аккредитациядан өтті және шетел агенттіктерінде танылған халықаралық аккредитациялық білім бағдарламасы бойынша жұмыс істей бастады. (13 бакалавриат бағдарламасы және 3 магистратура бағдарламасы немістің ASIIN агенттігінде аккредитациядан өтті).
Оқу орны құрылғаннан бергі уақытта ғалымдар оқу-әдістемелік, ғылыми, материалдық-техникалық кешеннің дамуына баға жетпес үлес қосты.
Атап айтқанда: 1950 ж. - В.Э. Сливко, ғылыми-оқу жұмыстары бойынша проректор; 1952 ж. -А.Измайлов, ғылыми-оқу жұмыстары бойынша проректор; 1957 ж. - Э.А.Кириченко, ғылыми-оқу жұмыстары бойынша проректор; 1960-1971 жж. - А.А.Балакирев, оқу жұмыстары бойынша проректор; 1960-1968 жж.- К.Омаров, ғылыми жұмыстар бойынша проректор; 1952 ж - В.А.Колесников, оқу жұмыстары бойынша проректор; 1968-1975 жж. - Н.К.Надиров, ғылыми жұмыстар бойынша проректор; 1973-1976 жж. - В.У. Смогоржевский, оқу жұмыстары бойынша проректор; 1975-1980 жж. - Ш.М.Молдабеков, ғылыми жұмыстар бойынша проректор; 1976-1986 жж. - В.М.Кирилин, оқу жұмыстары бойынша проректор; 1980-1988 жж. - Б.Ж.Жаңабаев, ғылыми жұмыстар бойынша проректор; 1986-1988 жж. - Н.А.Сузев, оқу жұмыстары бойынша проректор; 1988-1992 жж. - С.О.Балабеков, ғылыми жұмыстар бойынша проректор; 1992-1994 жж. - Л.Д. Пляцук, оқу жұмыстары бойынша проректор, бірінші проректор; 1992-1993 жж. - Т.У.Ысқақов, ғылыми жұмыстар бойынша проректор; 1992-1994 жж. - К.С.Сейітжанов, оқу жұмыстары бойынша проректор; 1993-1996 жж. - А.И.Айнабеков, ҒЗЖ проректоры; 1994-1997 жж. - А.Б.Байбөлеков, оқу жұмыстары бойынша проректор; 1993-1997 жж. - Ж.Т.Әйменов, ХҚ және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор; 1996-1998 жж. - А.А.Қалыбекова, ғылыми жұмыстар бойынша проректор; 1996-2002 жж. -М.Шевко, ғылыми жұмыстар бойынша проректор; 1996-2002 жж. - А.М.Достияров, оқу жұмыстары бойынша проректор; 2000-2006 жж. - Ш.З.Ескендіров, оқу жұмыстары және даму жөніндегі проректор; 1996-2002 жж. - Б.Т.Өтелбаев, тәрбие ісі жөніндегі проректор; 2002 – 2018 жж. Д.С.Сабырханов, оқу-әдістемелік және оқу жұмыстары жөніндегі проректор, бірінші проректор; 1991-2002 жж. - Е.И.Шабанов, АШБ проректоры; 2001-2002 жж. - Т.У.Ысқақов, экономикалық және шаруашылық байланыстар жөніндегі проректор; 2010 ж. бастап - Қ.С.Байболов, оқу ісі жөніндегі проректор; 2002 ж. бастап - Д.Д.Тағыбаев, АШБ бойынша проректор.
ТАРИХТЫҢ ЖАҢА БЕТТЕРІ
1998 жылы 24 наурызда ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасы білім, мәдениет жэне денсаулық министрлігіне қарасты білім беру мекемелерін ізгілендіру жоніндегі қосымша іс-шаралар» туралы №256 қаулысына сәйкес М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан техникалық университеті мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің біріктірілуі негізінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті құрылды.
Оқу орны оңтүстік аймақта жас жоғары оқу орындарының бірінен саналды. Оқу орны Қазақстан Республикасының техникалық жэне гуманитарлық екі жоғарғы мектебінің негізін көрсете білді. Мемлекеттік университетке жаңа мәртебенің бекітілуі оқу жүйесі мен ғылыми-зерттеу қызметтерінің реформалануын корсете білді.
Бүгінгі таңда 1700 оқытушы ғылыми- педагогикалық қызметпен айналысады, оның ішінде, ҚР ҰТА 3 академигі мен 1 корр. мүшесі, ҚР ҰИА 5 академигі мен 1 корр. мүшесі, ҚР ЖТА 4 академигі мен 4 корр. мүшесі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының 3 академигі, Халықаралық археология, акмеология, экология, гуманитарлық ғылым, педагогикалық білім академияларының бірқатар академигі мен корр. мүшесі бар.
13 факультеттің күндізгі және сырттай бөлімдерінде 15 000 студент 86 мамандық бойынша білім алуда. Негізінен экономиканың барлық салаларына: өнеркәсіп, көлік, құрылыс, құрылыс материалдарының өнеркәсібі, жеңіл және тамақ индустриясы, ауыл шаруашылығы, мәдениет, туризм қызметі, педагогика саласына кажетті мамандар даярлануда.
Жоғарғы оқу орнын бітірген мамандар магистратура мен РhD доктарантурада білім алуды жалғастыра алады. 3 мамандық бойынша РҺD докторлық диссертаңия қорғау кеңесі жұмыс істейді. Университеттің әскери кафедрасында 5 мамандық бойынша запастағы офицерлерді даярлайды.
2012 жылдан бастап оқу орнын Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлы басқарып келді. Ж.Мырхалықовтың басшылығымен ғылымды басқарудың жаңа жүйесі енгізіліп, орындалып жатқан ғылыми және білім беру жобалар саны 3,5 есеге артты. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдастырған «Инновациялық Қазақстан» республикалық жастар конкурсының нәтижесі бойынша М.Әуезов атындағы ОҚМУ Қазақстан Республикасының екінші инновациялық ЖОО болып танылды.
Тарихы тереңде жатқан өңіріміздегі оқу орнына бүгінгі күнде тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Д.Қожамжарова басшылық етеді.
Университетте 2018-2019 оқу жылында 18145 бакалавриат, оның ішінде 13304 күндізгі, 4180 сырттай, 661 кешкі бөлімде білім алуда. Бакалаврлардың мемлекеттік білім гранты негізінде білім алушылар саны - 6085 студент.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде 800-ге тарта студент білім алып жатса, оның 600-ге жуығы мемлекеттік білім гранты негізінде, Дайындық курсындағы 170 тыңдаушының 143-і мемлекеттік білім гранты негізінде.
Магистратурада білім алушы 1182 магистранттың 1038-і мемлекеттік білім гранты негізінде, 133 докторанттың 106-сы мемлекеттік білім гранты негізінде білімдерін арттыруда.