СҮЛЕЙМЕНОВ СҮЛТАН ТӘШІРБАЙҰЛЫ
1928 жылы 20 тамызда Қызылорда облысы Жаңа Қазалы аулында туылған. 1946 жылы Қазалы қаласында №17 орта мектепті бітіріп, онан соң Қазалыдағы халық сотының хатшысы болып жұмыс істеді. 1947 жылы Шымкент құрылыс материалдары технологиялық институтына түсіп, оны 1952 жылы бітіріп шықты.
1952 жылы С.Т.Сүлейменов Қазақ КСР Ғылым академиясының сәулет, құрылыс материалдары институтының аспирантурасына қабылданды. Техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне диссертация қорғаған соң, осы институтта кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарды.
С.Сүлейменов Қазақ химия-технология институтында 1956 жылдан алдымен аға оқытушы, кейіннен силикаттардың жалпы технологиясы кафедрасының меңгерушісі, факультет деканы болып қызмет атқарды, 1959 жылдың шілдесінен 1974 жылдың желтоқсанына дейін осы институттың ректоры болды.
1976-1977 жылдары Жамбыл гидромелиориативтік құрылыс институтының профессоры, 1978-1996 жылдары Алматыдағы құрылыс материалдары және жобалау ғылыми- зерттеу институтының директоры болып жұмыс жасады.
С.Т.Сүлейменов басқарған кезенде институт карыштап дамыды, оның материалдық-техникалық базасы барынша нығайды, бас оқу ғимараты тұрғызылып, екі лабораториялық корпус, 1780 орындық төрт жатақхана, 250 орындық асхана, «Машат» денсаулық лагері, оқытушыларға арналған екі тұрғын үй іске қосылып, тағы бір оқу- лабораториялық корпус пен тұрғын үй құрылысы басталды.
С.Т.Сүлейменовтың бастамасымен 1964 жылы оқу орнының аты «Қазақ химия-технология институты» болып өзгертілді. Осы жылы институттың өз аспирантурасы ашылды. Кафедралар саны 30-ға жетіп, 370 оқытушы еңбек етті. Ең алғашқы докторлық диссертациялар қорғалды: 1962 жылы С.Д.Ульянов, 1963 жылы И.П.Цай докторлық диссертациялар корғады.
Оқу орнында Бүкілодақтық ғылыми кеңестер мен семинарлар өткізіле бастады.
1964 және 1968 жылдары - майларды, қант пен фурфуролды гидрогенизациялау катализаторлары бойынша Бүкілодақтық кеңес.
1970 жылы - өндіріс теориясы мен практикасы жөніндегі Бүкілодактық семинар өткізілді.
1967 жылы Жоғарғы Аттестациялық комиссия С.Т.Сүлейменовке профессор, ал 1970 жылы техника ғылымдарының докторы ғылыми атағын берді.
1970 жылы С. Т. Сүлейменов ғылыми жетістіктері үшін Қазақ КСР ҒА корреспондент- мүшесі, ал 1972 жылы академигі болып сайланды, кейіннен оның президиум мүшесі, ҚР Инженерлер Академиясының академигі атанды.
С.Т.Сүлейменов 300-ден астам ғылыми еңбек пеи монография жариялады. «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендері мен медальдармен марапатталған.