МОЛДАХМЕТОВ ЗЕЙНОЛЛА МОЛДАХМЕТҰЛЫ
1933 жылы 3 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы Преснов ауданы «Октябрь» ұжымшарында туылған.
1952 жылы Абай атындағы Алматы педагогика институтының физика-математика факультетіне түсіп, 1956жылы тәмамдады.
1956 жылдан 1959 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысында Мамлют, Булаев мектептерін- де физика пәнінің оқытушысы болып қызмет істеді.
1959 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу жеңіл химия-технология институтының аспиранту- расынатүсті.
1962 жылдың желтоқсанынан 1965 жылдың қаңтарына дейін С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті физикалық химия кафедрасында оқытушы;
1965 жылдың қаңтарынан караша айына дейін Целиноград педагогикалық институтында оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор;
1965 жылдың карашасынан 1974 жылдың қаңтарына дейін - Қазақ КСР ҒА химия-металлургия институтында зертхана меңгерушісі;
жылдың қаңтары -1975 жылдың наурызы Қарағанды мемлекеттік университетінде ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор қызметтерін атқарды.
жылдың наурызынан 1980 жылдың қаңтары аралығында Қазақ химия-технология институтының ректоры болды.
Зейнолла Молдахметұлы Молдахметов Қазақ химия-технология институтына ректор болған кезде институттың өркендеуіне үлкен үлес қосып, оның материалдық-техникалық базасының нығаюына, ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуына барынша ықпал етті. Оның басшылығымен 1977 жылы «Химия ондірісінің заманауи машиналары мен аппараттары» атты Бірінші бүкілодақтық конференңия өткізіліп, 1979 жылы Теориялық химия бойынша бүкілодақтық мектептің негізі қаланды. Физика-химиялық әдістерді зерттейтін жақсы жабдықталған кафедралық зертхана құрылды. «В» оқу ғимараты түрғызылды.
З.М.Молдахметов 1980-1982 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры, Қазақ КСР Ғылым академиясы Орталық Қазақстан болімшесінің академик хатшысы, ҚР ¥ҒА президиумының мүшесі. 1992 жылдан Іф3 ¥ҒА Орталық Қазақстан бөлімшесінің төрағасы, 1994 жылы ҚР МАК президиумының мүшесі, ҚР ¥ҒА Органикалық синтездеу мен көміртекхимиясы институтының директоры, 1994 жылы Ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты тағайындау комиссиясының мүшесі болды. 1998 жылдан Қазақстан-Ресейуниверситетініңректоры.
Физика-химия ғылымының дамуына олшеусіз үлес қосқан ол органикалық молекулалардың фотохимиясы, теориялық және қолданбалы спектроскопия, кванттық химия мен органикалық молекулалардың реакңиясы сияқты мәселелерге жіті назар аударды.
З.М.Молдахметов 1964 жылы кандидаттық, 1972 жылы докторлық диссертаңиясын қорғады. 1974 жылы профессор ғылыми атағын алды. 1983 жылы Қазақ КСР-і ҒА корреспондент мүшесі, 1989 жылы толық мүшесі болып сайланды.
1993 жылы оған «ҚР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер» құрметті атағы беріліп, Халықаралық ақпараттандыру академиясынын академигі, ҚР Инженерлік академиясының академигі, Органика- лық синтездеу мен көміртекті химия институтының директоры болыи сайланып, академик Е.А.Бөкетов атындағы сыйлықтың иегері болды.
Ол «Парасат», «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Астана», «Білім беруге қосқан үлесі үшін» медальдарымен, «ҚР ғылымына қосқан үлесі үшін», Ресей мен Оксфорд университетінің «Алтын құрмет»
тосбелгілерімен марапатталды.