МОЛДАБЕКОВ ШАЯХМЕТ МОЛДАБЕКҰЛЫ

Молдабеков Шаяхмет Молдабекұлы Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданы, Шүбар елді- мекенінде 1939 жылы Юқаңтардатуылған.

1961 жылы Мәскеудің хнмиялық машина жасау институтын, 1968 жылы Мәскеу қаласындағы Инсекторунгиицидтер мен тыңайтқыштар ғылыми- зерттеу институтының аспирантурасын бітіріп, «Бейорганикалық заттардың технологиясы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қоргап шыққан. 1984 жылы Д.И.Менделеев атындағы Мәскеу химия-технологиялық институтында «Фосфор өндірісіндегі фосфор, фтор және күкіртқұрамды газдарды айыру жолдары» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

1968-1989 жылдар арасында Ш.Молдабеков Қазақ химия-технологиялық институтында ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.

1975-1980 жылдары институттың ғылыми істер жөніндегі проректоры, 1980-1987 жылдары ректоры болды.

Ш.М.Молдабеков Қазақ химия-техиология институтына басшылық жасаған жылдары жоғары ұйымдастырушылық қабілетін көрсете білді. 1980 жылғы қаңтарда институтта 133 ғылым кандидаты болса, ғылым докторлары мүлде жоқ еді, ал 1988 жылы оқу орнында 276 кандидат, 13 ғылым докторы қызмет атқарды. Ғылыми жетістіктерді өндірісте пай- даланудың экономикалық тиімділігі 1,8-ден 5,4 млн. сомға дейін, оқу-ғылым жабдықтарының баланстық құны 2,9-дан 7,2 млн. сомға дейін, институттың негізгі қоры 6,9-дан 13,3 млн. сомға дейін көтерілді. Жаңа салалық және проблемалық ғылыми зертханалар, 3 оқу-ғылыми-өндірістік кешен, кәсіп- орындарда 7 филиал ұйымдастырылып, оқу-ғылыми жұмыстар өндіріспен тығыз байланыста болды. 1980-1987 жылдар арасында 2 студенттер жатақханасы, оқытушылар мен қызметкерлерге арналған 2 тұргын үй, 100 орындық санаторий- профилакторий салынып, «Технолог» спорттық- сауықтыру лагерінің материалдық-техникалық базасы 400 орындық болып үлғайтылып, екі жүзу бассейні салынды, оқытушылар үшін 7 коттедж салынып, Қызылкөл демалыс аймағында қайық стансасы, емдеу корпусы мен асханасы жұмыс істеді. Сегіз және төрт қабатты оқу корпустары бой көтерді, 1987 жылға қарай әрбір студентке тиесілі оқу алаңы 15 шаршы метрді құрады және ҚазХТИ Қазақстан жоғары оқу орынлары арасында әлеуметтік- түрмыстық жағдайы ең жақсы оқу орнына айналды. Институт 1980-1987 жылдары КП ОК мен Қазақстан кәсіподғының Ауыспалы Қызыл Туын төрт мәрте иеленіп, КСРО ЖОО министрлігінің бірінші дәрежелі дипломымен және КСРО ХШЖК медальдарымен марапатталды.

Ш.Молдабековтің экологиялық мәселелерді шешу жолдары мен табиғат ресурстарын игеру тәсілдері сараптамадан өтіп, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Украинаның түрлі химиялық кәсіпорындарында өндірістік қолданысқа енгізілген.

Ш.М.Молдабековтің жетекшілігімен 30 шақты кандидаттық, 10-ға тарта докторлық диссертаңия қорғалды. Ғалым - 350 ғылыми еңбектің, оның ішінде 8 монографияның, 5 оқулық пен оқу құралының, 80 өнертапқыштық жаңалық патентінің авторы.

Шаяхмет Молдабекұлы Молдабеков республи- кадағы жоғары білім берудің талантты ұйымдастыру- шысы ретінде Қазақстан Компартиясьгаың XV съезіне, жоғарғы мектеп пен ғылыми мекемелелер қызметкерлері кәсіподағының X съезіне, Бүкілодақтық жоғарғы мектеп қызметкерлерінің съезіне делегат болып сайланып, Прагаға Варшава келісімшарты елдерінің химия-технологиялық оқу орындары ректорларының кеңесіне қатысқан


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.