НАУРЫЗБАЕВ МИХАИЛ ҚАСЫМҰЛЫ
1942 жылы 21 мамырда Алматыда дүниеге келген. 1959 жылы Шымкент қаласындағы В.И. Ленин атындағы №8 орта мектепті бітіріп, Қазақ химия- технология институтына түседі. Бірінші курсты бітіргеннен кейін С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне ауысып кетеді. 1965 жылы осы университеттің химиялық факультетін «Аналитикалық химия» мамандығы бойынша бітіріп шықты.
«Аналитикалық химия» кафедрасында екі жыл тағылымдамашы-зерттеуші болып істегеннен кейін, 1957 жылы аспирантураға түседі. 1970 жылы «Жеңіл- желпі белсенді заттардың сынапты және амальгама электродты металдарды қалпына келтіру процесіне әсері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация корғайды. Жеңіл-желпі белсенді заттардың сынапты және амальгамалы және қатты электродтарға әсері жөніндегі зерттеулерінің нәтижесінде Балқаш және Жезқазған кен-металлургия комбинаттарында мысты тазартып аршып алу әдісі өндіріске енгізілсе, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты мен Челябі мырыш-электролитті зауытында мырышты ерітіндіден бөліп алу әдістері өндіріске енгізілді.
Бүл бағыттағы зерттеулерін онан әрі жалғастыра отырып М.Наурызбаев 1992 жылы «Химиялық және электрохимиялық әдістермен жеңіл-желпі белсенді заттарды қолдана отырып ғылыми негізде металды бөліп алу» тақырыбында докторлық диссертация корғайды. 1988-1991 жылдары М.Қ.Наурызбаев Казак химия-технологиялық институтының ректоры кызметін атқарды және өзін жоғары білім беру ісінің жаксы ұйымдастырушысы ретінде көрсете білді.
Михаил Қасымұлының жетекшілік етуімен бір топ ғалым «Болашағы зор жаңа материалдарды жасау технологиясының ғылыми негіздерін зерттеу», сондай-ақ «Қазақстан Республикасында наноғылым мен нанотехнологиялардың дамуы» бағдарламасы бойынша терең зерттеулер жүргізіп келеді. Бүл зерттеулердің еліміздің индустриялық-инноваңиялық дамуында маңызы өте зор.
М.Қ.Наурызбаев жоғары деңгейдегі білікті ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауға да елеулі үлес косты. Оның жетекшілігімен 6 докторлық, 38 кандидаттық диссертаңия қорғалды, ол бүгінде РҺD диссертациясын қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің мүшесі.
2005 жылдың 16 қарашасында ҚР Үкіметінің каулысымен профессор Михаил Қасымұлы Наурызбаев пен бір топ ғалымға «Қазакстанның жоғары технологиялық өнім - түрақты изотоптар әлемдік рыногына шығуын қамтамасыз ететін ғылыми-технологиялық және ақпараттық-талдау кешенді зерттеулері» деген жұмыстары үшін Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім саласындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. Сонымен қатар М.Қ.Наурызбаев еліміздің ғылымы мен техникасының дамуына қосқан үлесі үшін бірнеше рет Мемлекеттік ғылыми стипендияға ие болған.
Михаил Қасымұлы Наурызбаев - техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Үлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академиғі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Зерттеу мен талдаудың физика-химиялық әдістері орталығының» директоры. Оның басшылығымен бүгінде әлемнің ғылыми-техникалық үрдісіне үлкен ықпал ете алатын зерттеулер жүргізіп келеді.