САПАРБАЕВ МАРДАН БАЙМЫРЗАҰЛЫ

1942 жылдың 17 желтоқсанында Сайрам ауданының Қарасу аулында дүниеге келген.

Мектепті бітірген соң Алматыдағы Дене тәрбиесі институтына оқуға түседі. 1965 жылы институтты бітірген соң «Қайрат» ерікті спорт қоғамының Оңтүстік Қазақстан облыстық кеңесіне қызметке жіберілді.

1965 жылдың тамыз айынан бастап Шымкент педагогикалық институтында классикалық күрес бойынша жаттықтырушы, дене шынықтыру кафедрасының оқытушысы, дене шынықтырудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының ага оқытушысы қызметтерін атқарған.

1970 жылдан бастап Шымкент педагогикалық институтының спорттық пәндер кафедрасын басқарды. Сонан соң дене тәрбиесі факультетінің деканы қызметін атқарды.

1982 жылы - Шымкент дене тәрбиесі техникумының директоры, 1990 жылдың қараша айынан бастап - Шымкент дене тәрбиесі педагогикалық институтының ректоры.

1996 жылы 7 мамырда Қазақстан Үкіметінің №573 Қаулысына сәйкес Шымкент дене тәрбиесі педагогикалық институты, әл-Фараби атындағы педагогикалық мәдениет институты базасында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті ашылып, оның алғашқы ректоры болыи Мардан Баймырзаұлы тағайындалды.

М.Б.Сапарбаев оқу-әдістемелік және спорт базасын құруда және нығайтуда өзінің жоғары ұйымдастырушылық қабілетін көрсете білді. Сонымен қатар, ол педагогикалық кадрларды таңдауға, тәрбиелеуге және олардың біліктілігін көтеруге, олардың ғылыми жағынан өсуіне, дене шынықтыру педагогикалық кадрларын дайындаудың оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасап шығаруға үлкен көңіл аударды.

М.Б.Сапарбаев ірғелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын ыждағаттылықпен жүргізе отырып, педагогика мәселелері мен спорт кадрларын дайындау әдістемесі бойынша кандидаттық және докторлық диссертацияларын сәтті қорғады. Ол - бірқатар ғылыми және әдістемелік еңбектердің авторы. Ғылыми еңбектерінде М.Сапарбаевтың бапкерлік, педагогикалық тәжірибесі корініс тапты.

Педагогика ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін Мардан Баймырзаұлы Халықаралық ғылым академиясының академигі (Мәскеу) және Қазақстан Республикасының Педагоғика және әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі дәрежесіне көтерілді.

М.Сапарбаевтың ерекше еңбегі - жоғары білікті спортшыларды даярлау мен тәрбиелеуі. Ол 90-нан астам халықаралық деңгейдегі спорт шеберін, Кеңес Одағы, Қазақстан чемпиондарын, әлемдік біріншіліктер жүлдегерлерін дайындады, оның 48 тәрбиеленушісіне «ҚР еңбек сіңірген бапкері» атағы берілген. М.Б.Сапарбаев КСРО спорт шебері, Қазақ КСР-ның «Еңбек сіңірген бапкері», күрестен халықаралық санаттағы тореші, КСРО «Дене тәрбиесінің үздігі» атағына ие болған.

М.Б.Сапарбаев Қазақстанның оңтүстік аймағында және Шымкент қаласында белсенді қоғамдық жұмыстар жүрғізді, өкілдік органдарға, соның ішінде облыстық мәслихатқа депутат болып сайланды, облыстық күрес федерациясының торағасы болды, Сайрам ауданы мен Шымкент қаласының Құрметті азаматы атағына ие болды, Ол республианың дене тәрбиесі мен спортын дамытуға үлкен үлес қосты.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.