КӘЛМЕНОВ ТЫНЫСБЕК ШӘРІПҰЛЫ
1946 жылы 5 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы Төлебн ауданы С.Сейфуллин атындағы үжымшар да туылған.
1969 жылы Новосибирск мемлекеттік университетін, ал 1972 жылы КСРО Ғылым академиясы Сібір болімшесіне қарасты Математика институтының аспирантурасын бітірді.
М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде 1973 жылы кандидаттық диссер- тациясын, 1983 жылы докторлық диссертациясын қорғады. Еңбек жолын Қазақ КСР Ғылым академиясына қарасты Математика және механика институтында бастап, кіші ғылыми қызметкерден аға ғылыми қызметкерге, зертхана меңгерушісіне дейін өсті.
1985-1991 жылдары Т.Ш.Кәлменов С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті математика факультетінің кафедра меңгерушісі және деканы, Мамандандырылған аймақтық (Қазақстан және Орта Азия) диссертациялық кеңестің жетекшісі қызметтерін атқарды.
1989 жылы ҚР ҒА корреспондент-мүшесі болып, кейінірек академик атанды.
1992-1996 жылдары Т.Ш.Кәлменов Қазак химия-технология институтының ректоры, ҚР ¥ҒА Оңтүстік бөлімшесі бюросының мүшесі және төраға орынбасары қызметінде болды.
Сол кездері Т.Ш.Кәлменовтың бастамасымен Қазақ химия-технологня институты ОҚТУ болып қайта құрылып, Қазақстанның жетекші техникалық ЖОО-ларының біріне айналды. Оқу орнына басшылық жасай отырып, оның материалдық- техникалық базасын сақтауға және нығайтуға бар күш-жігерін жұмсап, жоғары білікті мамандарды көбейтуге күш салды.
Оның басшылығымен 01.01.02 - "Дифферен- циалды теңдеулер және математикалық физика теңдеулері" мамандығы бойынша кандидаттық диесертациялар қорғайтын кеңес ашылған болатын.
Ол университетті басқарған жылдары түрлі ғылыми бағыттағы докторантура мен аспирантура ашылды. Т.Ш.Кәлменов бірнеше рет ғылым мен білім берудің өзекті мәселелеріне арналған халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар ұйымдастырды. Тынысбек Шәріпұлы - Қазақстандағы математикалық мектептердің жетекші басшыларының бірі.
Т.Ш.Кәлменов еңбектерінің негізгі ғылыми бағыты дифференциалдық теңдеулерді, математикалық физика теңдеулерін, операторлар теориясын зерттеуге бағытталған.
Оның ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде математиканың жаңа бағыттары пайда болды.
Т.Ш.Кәлменов 1923 жылы Франческо Трикоми түжырымдаған белгілі күрделі есептің шешімін тапты.
Ол Гурса және Дарбудың қатты ерекшеленген гиперболалық және классикалық есептерін нақты шешу үшін қажетті тәсілдерді анықтады.
Ол Бицадзе-Самарскийдің эллиитикалық есебінің түпкілікті функциялар жүйесінің толықтығы туралы проблеманың шешімін тапты.
Инволюциясы бар теңдеудің шешімін спектралды жіктеу арқылы Лаплас теңдеуі үшін Коши есебін шешуге болатындығын көрсетті. Ньютондық потенциалдың спектралдық теориясын жасады.
2002-2004 жылдар аралығында дифференциал- дық теңдеулер мен математикалық физика теңдеулері мамандығы бойынша Диссертациялық кеңеске жетекшілік етті.
Академик Т.Ш.Кәлменовтің басшылығымен 6 докторлық және 30-ға тарта кандидаттық диссерта- циялар қорғалып, 120 шақты ғылыми мақалалары мен бірнеше монографиясы басылыи шықты.
Т.Ш.Кәлменов 1978 жылы Ленин комсомолы сыйлығын иеленіп, 1996 жылы «ҚР ғылымы мен техникасына еңбегі сіңген қайраткер» атағын алды, «Астананың 10 жылдығы» медалімен (2008 ж.), «Құрмет» орденімен (2009 ж.) марапатталды.