АЙНАБЕКОВ АЛПЫСБАЙ ИМАНҚҰЛҰЛЫ

1952 жылы 25 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығүрт ауданы Қарабау аулында туылған.

1969 жылы орта мектепті бітірген соң Келес ауданында кеңшарда жұмысшы болып еңбек етті. 1970-1975 жылдары Қазақ полнтехннкалық институтында «Өндірістік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша білім алды.

1975-1977 жылдары «Южгорсельпроект» жобалау институтында инженер болды.

1977-1991 жылдары Қазақ химия-технология институтында оқытушыдан бастап түрлі басшылық қызметтер атқарды.

1984 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік политехникалық институтында кандидаттық, ал 1994 жылы докторлық диссертаңиясын қорғады. 1995 жылы профессор ғылыми атағы берілді.

1992 жылдан бастап Қазақ химия-технология институтында (кейіннен ОҚТУ және ОҚМУ) басшылық қызметтер атқарды: экономикалық мәселелер бойынша проректор, ғылыми-ондірістік және коммерциялық мәселелер жөніндегі проректор, бірінші проректор болған.

1997-1998 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан техникалық университетінің ректоры, кейіннен Оңтүстік Қазакстан техникалық және Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеттерінің бірігуінің нәтижесінде құрылған М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бірінші проректоры болды. 1999 жылдан бастап «Механика» кафедрасының профессоры қызметін атқарып келеді.

Оңтүстік Қазақстан техникалық университетінің басшысы болған А.И.Айнабеков көп жылдар бойында іргесі қаланған материалдық- техникалық базаның мейлінше сақталып, оның нығаюына және білікті мамандардың, профессорлар мен окытушылар құрамын сақтап қалуға бар күшін жұмсады. Ол жаңа мамандықтардың ашылуына үйытқы болып, оның материалдық және зертханалық базасын жасақтады. Сонымен қатар, ол екі жақты келісімдердің негізінде үздік студенттердің М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті мен Д.И.Менделеев атындағы Мәскеу жеңіл химия-технология институтында білім алуына қол жеткізді.

Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен басшылық міндетін орындаумен қатар ол білікті ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауға да көп көңіл бөлді. Университет жанынан сол түста коллоидтық химия, түсті металдардың технологиясы, механика және экономиканын ғылыми бағыттары бойынша аспирантурамендокторантура ашылды.

А.И.Айнабеков табанды әрі шығармашыл ғылыми-зерттеулерінің нәтижесінде қатты материал мен құрылғы динамикасы саласындағы эксперимен- талды механика мектебіп ашты және бүғінде өзі сол мектепті басқарады. Оның бастамасымен универси- тетте 01.02.04 - "Деформацияланған қатты денелердің механикасы", 01.02.06 - "Динамика, машиналар, аспаптар мен күрылғылардың беріктігі" гылыми мамандықтары бойынша Докторлық диссертаңиялық кеңес ашылды.

2003-2009 жылдар аралығында ол 01.02.04 - "Деформацияланған қатты денелердің механикасы", 01.02.06 - "Динамика, машиналар, аспаптар мен құрылғылардың беріктігі", 05.17.08 - "Химиялық технологияның процестері мен қондырғылары" дейтін үш мамандық бойынша докторлық және кандидаттық диссертация қоргау жөніндегі Д 14.23.01 Диссертациялық кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

Профессор А.И.Айнабеков 9 ғылым докторы мен 23 ғылым кандидатын дайындады, 400-ден астам ғылыми еңбектің, соның ішінде 15 моноғрафия, 20- дан астам оқу құралының авторы, 6 ғылыми патенттің иесі болып табылады.

Ол Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» және «Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер» тосбелгілерімен марапатталған.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.