МЕДЕУОВ ЕСЕНГЕЛДІ ӨМІРЖАНҰЛЫ

1944 жылы 20 шілдеде Алматы облысы Қарасай (қазіргі Қаскелең) ауданы, Жандосов аулында дүниеге келді.

Абай атындагы орта мектепті 1962 жылы бітірген ол С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік уннверситетінің механика-математика факультетіне оқуғатүсті.

Университетті бітірген соң, Е.Медеуов 1967- 1973 жылдары Қазақ политехникалық институтының (бүгінгі Қазақ ¥лттық техникалық университеті) жоғары математика кафедрасында еңбек етті. Осы түста ол О.Ә.Жәутіков, К.А.Қасымов, С.А.Ломов, Д.Ф.Бугузов, А.Б.Васильев сияқты көрнекті математиктердің мектебінен өтіп, ғылымның әліпбиін меңгеру бақытына ие болды.

1973-1983 жылдар аралығында Қазақ КСР Ғылым академиясының Математика және механика институтында қызмет етіп, ғылыми зерттеулер жүргізді. 1983 жылы «Гиперболалық типтегі сингулярлық ауытқуға үшыраған теңдеулерді дифференңиалды түрде шешудің асимпотикасы» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

1983-1989 жылдары Абай атындағы Қазақ педағогикалық институтында оқытушы, доцент, физика-математика факультетінің деканы, партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды.

1989 жылы Е.Ө.Медеуов Қазақстан Компартиясы Орталық комитетіне, сонан соң ҚР Президентінің аппаратына жұмысқа ауысып, онда 1992 жылға дейін референт, аға референт, ішкі саясат бөлімінің білім беру мәселесі тобының эксперті қызметтерін атқарды. Ал 1992 жылы ол Қазақстан Республикасы білім министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

1994 жылы 26 мамырда Ресей Федерациясы Білім министрлігі Жоғары аттестациялық комиссиянын шешімімен Е.Ө.Медеуовке профессор ғылыми атағы берілді. 1998 жылы «ҚР Орта математикалық білім беру стандартын жобалаудың теориялық-методологиялық негіздері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

1998 жылы Е.Ө.Медеуов Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің, сонан соң М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры болып тагайындалды.

Е.Ө.Медеуов орта мектептерге арналған математика пәні білім стандартының және 7 және 8 сыныптарға арналған «Алгебра» оқулығының авторы. Оның еңбектерінде математикалық білімді стандарттау жағдайында дифференциялау, орта математикалық білімді стандарттаудың ғылыми- педагогикалық негіздері, Қазақстан Республикасында математиканың мектептегі курсының мазмүнын құрудың концепциялары мәселелері жан-жақты талданған. Еңбектерінің бірқатары жоғары оқу орындарында гуманитарлық, инженерлік білім беру, туризм және т.б. салаларға мамандар даярлау мәселелеріне арналған.

Ғылыми-шығармашылық бағытта 80 ғылыми еңбектіц авторы. Оныц ғылыми жетекшілігімен 5 кандидаттық, 1 докторлық диссертация қорғалды. 1998 жылы ол Халықаралық жоғарғы мектеп академиясының академигі болып сайланды.

Есенгелді Оміржанұлы Медеуов «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері», «ҚР тәуелсіздігінің 10 жылдығы» мерекелік медалімен және ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталған. «ҚР Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі мен «Құрмет» орденінің, бірінші дәрежелі «¥лы Петр» орденінің иегері.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.