БИШІМБАЕВ УӘЛИХАН ҚОЗЫКЕҰЛЫ

1946 жылы 27 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы, Ванновка аулында дүниеге келді. 1968 жылы Қазақ химия-технология институтын, 1972 жылы Д.И.Менделеев атындағы Мәскеу химия-технология институтының асиирантурасын бітірді.

1968 жылы Қазақ химия-технология институтының ассистенті болса, 1972 жылы оқытушы, 1973 жылы аға оқытушы, 1974 жылы Қазақ химия-технология институтында "Органикалық емес заттардың технологиясы" кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 1976 жылы Жамбыл гидромелиораңия құрылыс институтының Қызылорда болімшесінің директоры. 1990 жылы Қызылорда ауылшаруашылық өнеркәсібі институтының ректоры, ал 1996 жылдан - Жамбыл университетінің, 1998 жылдан бастап - М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры (Тараз қаласы). 2001 жылдан 2012 жылдың қаңтары - М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры.

Бишімбаев Уәлихан Қозыкеұлы - техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Үлттық ғылым академиясының, Халықаралық Инженерлік академияның, ҚР Үлттық Инженерлік академиясының, Халықаралық Педагогикалық білім академиясының, Халықаралық Жоғары мектеп академиясының және Қазақстан Республикасы Табиғатты қорғау мен экология академиясының академигі, тәжірибелі ұйымдастырушы, корнекті ғалым.

Уәлихан Қозыкеұлының басшылығымен университет жаңаша инноваңиялық екпінмен дами түсті. Өзі басқарған он жылдан астам уақытта оқу орнын отандық жоғары мектептердің арасында көшбасшылық алдыңғы қатарға шығарды. Барша жаңалықтардың алдында болу үшін ол қашан да жоғары мақсаттар мен міндеттер қоя білді. ОҚМУ отандық жоғары оқу орындары арасында жеті білім бағдарламасы (кейіннен тағы 6 бағдарлама) бойынша халықаралық аккредитаңиядан алғашқы болып өтті. Оқу орны алғашқылардың бірі болып кредиттік технологияны, сапа менеджменті жүйесін, инноваңиялық технологиялармен оқыту жүйесін енгізді. Қазақстанның көпсалалы жоғары оқу орындары арасында рейтинг бойынша соңғы 5-6 жылда университет ұдайы алғашқы бестіктен корінді, ал ұтып алынған мемлекеттік білім гранттарының саны бойынша алғашқы үштікке енді.У.Қ.Бишімбаевтың бастамасымен заманауи ғылыми-инноваңиялық инфракүрылым, студенттік бизнес-инкубатор мен Оңтүстік Қазақстан аймақтық техносаябағы мен жаңа ғылыми бөлімшелер (6 ғылыми-зерттеу институты, 9 ғылыми орталық, 38 ғылыми зертхана) құрылды.

Оның жетекшілігімен 21 докторлық және 31 кандидаттық диссертаңия қорғалды. Сондай-ақ, ол 17 монографияның, 37 оқулық пен оқу құралдарының, 700-дей ғылыми мақаланың, 123 авторлық куәлік пен инноваңиялық патенттің авторы.

Отандық жоғары білім беру ісін дамытуға косқан үлесі үшін: «Құрмет белгісі», «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері», «Қазақстан Республикасы ғылымына еңбегі сщген қайраткер» төсбелгілерімен марапатталған. Ахмет Байтүрсынов, «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Парламентіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталып, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстанның құрметті инженері, білім, ғылым мен техника саласында ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды, 2006 және 2007 жылдары «Жоғары оқу орындарының үздік ректоры» атағына ие болды.

У.Қ.Бишімбаев - «Нүр Отан» партиясының мүшесі, «Нүр Отан» ХДП республикалық саяси кеңесінің облыстық бюросының мүшесі болды, облыстық мәслихатта «Нүр Отан» ХДП депутаттық фракңиясын басқарған, 2012 жылы ҚР Парламенті Мәжілісіне депутат болып сайланды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.