МЫРХАЛЫҚОВ ЖҰМАХАН ҮШКЕМПІРҰЛЫ

1954 жылдың 16 сәуірінде Жамбыл облысының Аса аулында туылған. Техника ғ ы л ы м д а р ы н ы ң докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ¥лттық ғылым академиясының және ¥лттық инженерлік академиясының корреспондент мүшесі.

1976 жылы Мырхалықов Ж.Ү. А.Н.Косыгин атындағы Еңбек Қызыл Ту Орденді Мәскеу тоқыма институтын бітіріп, 1983 жылы осы оқу орнында кандидаттық диссертаңия қорғады. 2007 жылы ҚР ¥ТА Ө.Жолдасбеков атындағы Механика және машинажасау институтында докторлық диссертациясын қорғады.

Еңбек жолын 1976 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтында оқытушы болып бастаған. 1995 жылы Қазақстан Республикасында тоқыма өнеркәсібіне мамандар дайындау бойынша алғашқы кафедраны ашып, кейін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде факультеттің негізін қалады.

Ж.Ү.Мырхалықов тоқыма өндірісі саласында белгілі ғалым және жогарғы мектептің тәжірибелі ұйымдастырушысы ретінде 2008 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне қызметке шақырылды.

2011 жылдың ақпанында Ж.Ү.Мырхалықов инновациялық қызмет жоніндегі проректор болып тағайындалды, 2012 жылғы қаңтардан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры қызметін атқарып келеді.

Ж.Ү.Мырхалықов инновациялық ОҚО инфрақұрылымы және аймақтық технопаркті құру бойынша маңызды ұйымдастыру жұмыстарын атқарды. Оның басшылығымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін зерттеу университетіне трансформациялау бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда.

Ж.Ү.Мырхалықовтың белсенді жұмысының нәтижесінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми және инновациялық қызметі жаңа сапальщ деңгейге көтерілді. Университет еліміздің инновациялық – бағытталған жоғары оқу орындарының қатарына еніп, ғылыми жобаларды коммерциялизациялау кеңсесін қаржыландыруға байқауды жеңіп алды, «КазАтомПром», «ҚазМұнайГаз» үлттық компанияларына және жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін ғылыми бағдарламалар жасалды.

Ж.Ү.Мырхалықовтың басшылығымен ғылымды басқарудың жаңа жүйесі енгізіліп, университеттің материалдық-техникалық базасын қайта жабдықтау жүргізіліп, тәжірибелік-өндірістік кешен құрылды. Нәтижеде ғылымды қаржыландыру соңғы жылдары 10 еседен астамға осіп, орындалып жатқан ғылыми және білім беру жобалар саны 3,5 есеге өсті. Агроөнеркәсіп факультетінің 500 орындық студентік жатақханасының құрылысы басталды. ҚР БҒМ Ғылым комитеті қаржыландыратын инновациялық өндірістерді құру жөніндегі жобаларды жүзеге асыру басталды. Ж.Ү.Мырхалықов «2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасы химия өнеркәсібінің дамуын ғылыми қамтамасыз ету» мемлекеттік бағдарламасын жасаған жұмыс тобын басқарды.

Ж.Ү.Мырхалықовтың басшылығымен жүзеге асып жатқан инновациялық сәтті жұмыстардың арқасында М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Самұрық- Қазына» Үлттық әл-ауқат қоры ұйымдастырған «Инновациялық Қазақстан» конкурсының нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасындағы екінші инновациялық жоғары оқу орныныц санатына көтерді.

Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі саласындағы кәсіби маман ретінде халықаралық танымалдылыққа ие болғандығынан, Ж.Ү.Мырхалықовқа Британ Кеңесі қаржыландыратын Қазақстан және Ұлыбританияның ұзақ мерзімді серіктестігі аясында Ш8РІКЕ «Ғылым және білім саласындағы халықаралық стратегиялық әріптестік» бағдарламасы бойынша халықаралық жобаларға басшылық жасауға мүмкіндік берді. Аталмыш бағдарламаны Метрополитен Манчестер университеті мен «Оңтүстік» ӘЭА-мен бірлесе жүзеге асыру Қазақстан мен Ұлыбританияның тоқыма өнеркәсібі бойынша жоғары оқу орындарының арасында байланыс орнатуға және озық технологияны өндіріске енгізуге, шетелдің жетекші оқу орындарымен қос диплом бағдарламасын жүзеге асыруға ықпал етеді.

Оқу орнының жауапты басшысы ретінде Ж.Ү.Мырхалықов білім саласында студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын, университеттің халықаралық білім кеңістігінде тиімді ықпалдастықты дамытуға бағытталған стратегиялық бастамаларды белсенді жолға қойып келеді. Оның басшылығымен ОҚМУ-дың шетелдік серіктестермен халықаралық байланыстары едәуір кеңейіп, бірқатар ғылыми және білім беру жобалары жүзеге асырылып жатыр.

Ж.Ү.Мырхалықовтың Оңтүстік Қазақстан облысында мақта-тоқыма кластерінің дамуына, «Оңтүстік» әлеуметтік-экономикалық аймағының аяққа түруына қосқан үлесі зор, ал «Оңтүстік» ӘЭА жыл сайын өтетін семинар-кеңесін ұйымдастыру комитетінің тұрақты төрағасы.

«ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, Тараз қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 2009 жылы «ЖОО үздік оқытушысы» грантына ие болған, «Құрмет» орденінің, «Қазақстан даңқы» құрмет белгісінің иегері.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.