КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТІК ОРТАЛЫҒЫ
Мақсаты - кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында атқарушы билік органдарымен, жұмыс берушілермен және кәсіпкерлермен әріптестік қатынастарды дамыту және қолдау.
Міндеттері мен функциялары:
- белсенді кәсіпкерлікке ғалымдар, докторанттар, магистранттар мен студенттерді тарту, және олардың идеялары мен жобаларын жүзеге асыруға қолғабыс жасау;
- университет студенттері мен шеттен келген тыңдаушыларға жұмысшы мамандықтар бойынша дайындауды ұйымдастыру.
- бастапқы кезеңде ғылым мен бизнестің өзара іс-қимыл үдерісін ұйымдастыру, білім беру ортасында инновациялық кәсіпкерлікті насихаттау
- университет базасында бизнес мектептерін, оқу орталықтарын құру, мастер-класстар, тренингтер, семинарлар, конференциялар, көрмелер ұйымдастыру.
Студенттік бизнес-инкубатордың міндеттері:
-ғылыми-инновациялық ұжымдар мен шағын кәсіпорындарды ұйымдастыру және тиімді қызметі үшін жағдай жасау, сондай-ақ ЖОО студенттерінің бизнес-жобаларын, инновациялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік идеялар жүзеге асыру.
- офистік алаңдар мен консультациялық қызметтер кешенін ұсыну жолымен бизнес үшін ғылыми-техникалық, инновациялық идеяларды коммерцияландыру үшін студенттерді қосымша мүмкіндіктермен қамтамасыз ету.
-студенттердің бизнес үшін кәсіпкерлік құзыреттілігін, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, конструкторлық, технологиялық, ұйымдастырушылық міндеттерді сауатты қалыптастыру.
Қызметтің негізгі бағыттары:
1. Университеттің ынтымақтастық қарым-қатынасын дамыту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының және Шымкент қаласының әкімдігімен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы, Ұлттық компаниясы АҚ, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «ОҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ және т.б. бірқатар меморандумдарға және серіктестік туралы келісім-шарттарға қол қойылған.
2. Университет «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламалары Оңтүстік Қазақстан облысының аумағы бойынша оқытуды іске асыруға белсенді түрде қатысады және үйлестіруші болып табылады.
3. Университет "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өңірлік филиалымен бірлесіп "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында "Бизнес Кеңесші", "Жас кәсіпкер мектебі", "start-up мектебі" жобаларын жүзеге асырады.
4. Университет базасында «Кәсіпкерлік негіздері» оқу курстары, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасына қатысушылар үшін жұмысшы мамандықтар бойынша даярлау және қайта даярлау оқыту курстары ұйымдастырылып өткізілді.
5. Унивеситет-жұмыс беруші әлеуметтік әріптестікті қамтамасыз ету мақсатында, университетте тұрақты негізде Оңтүстік Қазақстан облысының және Шымкент қаласының әкімдіктерімен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өңірлік филиалымен, бизнес өкілдерімен, қоғамдық бірлестіктермен, табысты кәсіпкерлермен, өнеркәсіп кәсіпорындарымен бірлесіп - конференциялар, көрмелер, дөңгелек үстелдер, шеберлік дәрістер, тренинг-семинарлар, ашық есік күндері ұйымдастырып өткізіліп тұрады.
6. Университет базасында студенттерге ақысыз негізде сонымен қатар шеттен келген өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысшылары мен басқа тыңдаушыларға келісім-шарт негізінде 23 жұмысшы мамандық даярлайтын дайындық курстары ұйымдастырылған. Аталған сабақтарды өткізу базасы үшін өндірістік кәсіпорындармен бірлесіп құрылған оқу-ғылыми-өндірістік кешендер болып табылады.