Жобаларды басқару орталығы
Жобаларды басқару орталығы қаржыландырылған жобалардың орындалуын және іске асырылуын қамтамасыз етеді, жобалардың жұмысын үйлестіреді, университеттің қаржыландырылған жобаларының басшыларына ұйымдастырушылық және техникалық көмек көрсетеді.
Бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР БҒМ Ғылым комитетімен келісім-шарттар дайындалды: 2018-2020 жылдарға 1 037 370 156 теңге, оның ішінде: 217 «Ғылымды дамыту» 102 «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» және 101 «Ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру»
- 2018 жылы-340 056 386 теңге;
- 2019 жылы-369 052 924 теңге;
- 2020 жылға-352 965 845 теңге.
2018 жылы университетте ҚР БҒМ Ғылым комитетінің тапсырысы бойынша 340 056 386 теңге сомасына 32 жоба орындалуда.
ЭРАСМУС+ халықаралық бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 33 миллион 628 мың теңгеге 3 жоба орындалуда.
Кәсіпорындардың тапсырысы бойынша (шаруашылық келісім-шарттар) жалпы сомасы 12 миллион 730 мың теңгеге 2 жоба орындалуда.
ЖБО қызметкерлері жалпы сомасы 148 миллион 818 мың 434 теңге 60 тиын қаржыландырылатын жобалардың орындалған жұмыстарының 2 актісін және растайтын құжаттармен бірге 2018-2019-2020 жылдарға арналған бюджеттік өтінімдерді дайындап, ҚР БҒМ Ғылым комитетіне тапсырды.
Ұлттық ғылыми кеңестің шешімі бойынша біздің университетте 2018 жылдың 15-19 қазан аралығында 7 жобаны орындау моинторингі бойынша 4 сараптамалық топ жұмыс істеді. Барлық жобалар оң баға алды.
2018 жылғы 25-26 қазанда Астана қаласында, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында өтетін «Қазақстандағы Эрасмус+» жобалар нәтижелерінің көрмесіне» қатысу үшін. «Эрасмус+» халықаралық бағдарламасының 3 жобасы бойынша бейне материалдар, стендтер және үлестірме материалдар дайындалды.
Қазіргі уақытта «Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-да 32 жобаның жылдық есебі тіркелуде осы сайттарда rating.nauka.kz және is.nscte.kz.
Жылдық есептер 3 данада 32 жоба (96 дана) Астана қаласындағы «ҰМҒТСО» АҚ филиалына тапсырылды.
Жобаларды басқару орталығының бастығы Парманкулова Перизат Жакслыковна Хат-хабар үшін: Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., 160012, Тәуке хан даңғылы,5, корпус 16, кабинет 218, М. Әуезов атындағы ОҚМУ Тел: 8 (7252) 30 02 48 e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. , Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.. |