«ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ, ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ СӘУЛЕТ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

«Сәулет және құрылыс» ғылыми-зерттеу институты 2007 жылы құрылған. Институттың құрамында силикатты және құрылыс материалдарын зерттеу зертханасы бар. Институттың зерттеуінің стратегиялық бағыты – энергияны үнемдейтін технологияларды дамыту үшін шикізат базасын кеңейту, Қазақстанның металлургиялық емес алюмосиликат шикізатына негізделген импорттық-алмастыратын жұқа, техникалық, құрылыс керамикасы мен рефрактерлерін, шыны, шыны-керамикалық материалдарды, арнайы цементтерді, композиттік материалдарды және бетонды өндіруді дамыту.

 ҒЗИ-дың қызметкерлері өзекті тақырыптар бойынша зерттеулер жүргізеді:

- силикаттық құрылыс материалдарының басым бағыттарын дамытуды және іске асыруды, сондай-ақ ғылыми кадрларды және жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету үшін инновациялық инфрақұрылымды құру;

- байланыстырушы заттар, керамика, шыны, шыны-керамика және композиттік материалдар, синтетикалық волластонит саласындағы инновациялық технологияларды әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу зертханасын құру;

- Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында әзірлемелерді жылдам орындалуын қамтамасыз ететін пилоттық өндірістік желілер құру;

- әзірленетін технологияларды енгізудің шарттары мен тетіктерін құруға бағытталған нормативтік-құқықтық және заңнамалық актілерді айқындау;

- халықаралық стандарттарға сәйкес келетін өнімдерді өндірудің халықаралық метрологиялық нормалары мен стандарттарын енгізу.

 «ҚМҚжәнеС»ҒЗИ қызметкерлері: директор Сарсенбаев Б.К., зертхана меңгерушісі Искаков Т.У., АҒҚ- Сулейменов Э.А., АҒҚ- Сарсенбаев Н.Б., КҒҚ – Сауганова Г.Р.,

«ҚМҚжәнеС» ҒЗИ қызметкерлерінің эксперименттік жұмыстар жүргізу барысы»: АҒҚ- Сарсенбаев Н.Б., КҒҚ- Ауесбек С.Т.

«ҚМҚжәнеС»ҒЗИ-ның қызметкерлері институт зертханасында: АҒҚ- Сарсенбаев Н.Б., КҒҚ – Сауганова Г.Р., ЖДБ маманы- Орымбасар А., КҒҚ- Ауесбек С.Т.

«ҚМҚжәнеС»ҒЗИ-ның жетекшілері (т.ғ.д., ҰТКҒ академигі Сарсенбаев Б.К., және т.ғ.д., ҰҒА академигіИскаков Т.У.) Санкт-Петербург қаласы керамикалық бұйымдар өндірісі зауытының территориясында ЖШҰ «ЛСР Стеновые» компаниясының басшылығымен

«Құрылыс материалдары, құрылыс және сәулет» ғылыми-зерттеу институты 

  • жаңа техника, технология, заманаға сай  материалдарды  жасау және өндеу бағытында іргелі, қолданбалы, іздену зерттеулерді беделді дамытуды;
  • ірі ғылыми-техникалық міндеттерді біріге отырып шешу және университетте жасалынған технологияларды өндірісте қолдану бағытында халық шаруашылық өндірістерінде ғылыми-техникалық байланыстардың түрлерін келешекте дамытуды;
  • жаңа құрылыс материалдарының, бұйымдарының және конструкцияларының  үлгілерін сынап сәйкестік сертификаттар беруді;
  • құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкцияларының заманауи технологияларын тиімді экономикалық көзқарастан жасауды;
  • лабораторияларды және өндірістерді заманауи құрал-саймандармен және қондырғылармен қамтамасыз етуге ұсыныстар беруді;
  • өндірістерге, ұжымдардарға құрылыс материалдары өндірісіне жобалар жасау үшін кеңестер және ақпараттық қызметтер жасау, эксперттік сараптама беруді қамтамасыз етеді.

         Өндіріске ендіруге дайын құрылыс және силикаттар материалдарының өндірісінің технологиялары:

- Қаратау қатпалары негізіндегі беріктігі 30 МПа және одан жоғары,  сусіңіргіштігі 4 ÷ 6 %  клинкерлі бұйымдар алу өндірісінің технологиясы;

- Төлеби ауданының  көмір шахтасынның террикондар үйіндісін қолдану арқылы жоғары беріктікті қыш  алу өндірісінің технологиясы;

- Өндірістік қалдықтар негізінде азклинкерлі ұсақ майдаланған цементтер алу  өндірісінің технологиясы;

- Домна және фосфор қожыларынан сілтілі цементтер алу  өндірісінің технологиясы;

- Электротермофосфор қожысы негізінде синтетикалық воллостанит алу өндірісінің технологиясы.

2015-2017 жж. ҚР БҒМ гранты бойынша орындалған зерттеу жұмыстары:

–«Полиметалл кендерін байыту қалдықтарына композициялық цементтер және олардың негізінде бетондар өндірудің ресурстық-энергия сақтаушы технологиясы»

Жетекшісі: Айменов Ж.Т.

– «Төмен негізді тез қатаятын цементтің негізгі қасиетіне клинкер материалдарының жоғары температурада легирленгенде фазалық өзгерістердің әсерін зерттеу»

Жетекшісі: Худякова Т.М.

Қазіргі уақытта гранттық қаржыландыру бойынша орындалып жатқан зерттеу жұмыстары:

  • «Қазақстан Республикасының ірі өнеркәсіптік қалдықтарына негізделген төменгі клинкерлі ұсақ цемент», ғылыми жетекшісі: Сарсенбаев Б.К.
  • «Күкірт-сілтілі байланыстырғыш заттар мен жергілікті стандартты емес материалдар негізінде бетонды термалды өңдеу технологиясы» ғылыми жетекшісі:Айменов Ж.Т.

Келесідей компаниялармен шаруашылық келісімшарттар жасалды:

- «КазПром-Кызылорда» ЖШС: «Әк және доломит «Жаңақорған» кен орнынан композициялық цементтер мен материалдар өндірісі».

- «Казфосфат» ЖШС: «Түйіршіктелген фосфор қожына негізделген төмен клинкерлі ұнтақталған цемент технологиясын жасау және енгізу».

- «Тоғыс-Аралотын» ЖШС: «Арал кен орнының сазды шикізатын зерттеу және керамикалық кірпіш өндіру технологиясын дамыту»

«Құрылыс материалдары, құрылыс және сәулет» ғылыми-зерттеу институты Веймар қаласы (Германия),  «Құрылыс материалдары» ҒЗИ-мен, Қазан мемлекеттік сәулет-құрылыс университетімен, Шухов. В.Г. атындағы Белгород мемлекеттік технологиялық университетімен тығыз қатынас орнатқан.

«ҚМҚжәнеС»ҒЗИжетекшілері (т.ғ.д., ҰТКҒ академигіСарсенбаев Б.К., жәнет.ғ.д., ҰЖҒАакадемигіАйменов Ж.Т.) Шухов атындағы БМТУ «ҚМТБжәнеК» кафедрасының меңгерушісі В.С Лесовик және ЖШҰ «Альфа-спираль» Белгород қаласы қызметкерлерімен 

«ҚМҚжәнеС»ҒЗИ директоры т.ғ.д., ҰТКҒ академигіСарсенбаев Б.К. «CEMEQ» компаниясының және Самара қаласының  «Керамзит ҒЗИ»   ЖАҚ қызметкерлерімен

«ҚМҚжәнеС»ҒЗИ жетекшілерінің (т.ғ.д., ҰТКҒ академигі Сарсенбаев Б.К., және т.ғ.д., ҰҒА академигі Искаков Т.У.). Барселона қаласының (Испания) «Equip Сeramic» компаниясының аймақтық коммерциялық директоры Франсеск Бальмонтпен керамикалық бұйымдарды сынақтан өткізу нәтижелерін талқылау.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.