«Аймақтық экономика мәселелері» ғылыми – зерттеу институты

«Аймақтық экономика мәселелері» ғылыми – зерттеу институтының мақсаты  - облыс экономикасын басқарудың тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін процестерін ғылыми негіздеу болып табылады.

Институттың зерттеу бағыттары: аймақтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерді анықтау; бизнес-жоспарларды, техникалық-экономикалық негіздеме жасау, маркетингтік зерттеулерді жүргізу; аймақтың және оның аумақтық бірліктерінің көптүрлі даму аспектілерінің тиімділігіне жету тетіктері және бағалау әдістемесін әзірлеу; теориялық-әдістемелік тәсілдемелеріндегі «білім экономикасын» қалыптастыру; инновациялық жобаларды коммерциаландыру; бизнесті жүргізу аясындағы кеңес беру; білім беру процесінде институттың қызметін интеграциялау.

Аймақтық экономика мәселелері» ғылыми-зерттеу институты 2010 жылы құрылды. Институттың алғашқы директоры ретінде, – э.ғ.д., профессор К.К Нұрашева (2010-2011 жж). ҒЗИ-ның қызмет аясының кеңейюіне байланысты  жаңадан ұжым құрылып, оны ОҚО үздік ғалымы (2011ж), «ЖОО үздік оқытушысы» (2011 ж), дарынды жас ғалымдардың (2002-2003 жж), ҚР ғылым және техниканы дамытуға үлес қосқан ғалымдар үшін (2012-2013 жж.)  мемлекеттік ғылыми стипендиясының степендианты, «Шапағат» республикалық конкурсының нәтижесі бойынша «Жылдың ең үздік өнертабысы» атты номинация жеңімпазы (2009ж), "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгі иегері (2015 ж.), «Кәсіпкер кz» атты Қазақстандағы бірінші экономикалық ойынның және 500 аса ғылыми еңбектердің авторы э.ғ.д., профессор Есиркепова  Алтын Махмудовна басқарады..

АЭМ ҒЗИ келесідей жобалар әзірленіп, дайындалды:

  • «Самұрық-Қазына» АҚ-на демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсету шеңберінде «Жасыл экономикаға» көшу жағдайында қайталама ресурстар мен қалдықтарды азайтуды басқару: әдіснама және механизмдер" атты жоба;
  • "Мемлекет-жеке меншік әріптестігінің нысаны ретіндегі жоғары білім берудің дуалдық оқыту жүйесінде кәсіпкерлерді ынталандыру тетіктерін әзірлеу" жобасы;
  • Ленгер қаласының аппарат әкімі және М.Әуезов атындағы ОҚМУ арасындағы келісім-шарт негізінде 2016-2030 жылдарға арналған Ленгер қаласын дамытудың кешенді жоспары;
  • елдегі аумақтық дамудың өзекті міндеттеріне, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға арналған әкімшілік-аумақтық құрылымын талдау тапсырма шеңберінде пилоттық аймақты (ОҚО) зерттеу жобасы;
  • Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданын бөлу жолымен орталығы Жетісай қаласы болатын жаңадан Жетісай ауданын және орталығы Мырзакент кенті болатын жаңадан Мақтаарал ауданын құру жобасына сараптама 2018 жылдың қаңтар-ақпанында айларында жасалды;
  • Облыстық маңызы бар Шымкент қаласының статусын республикалық маңызы бар қала статусына өзгерту жобасын сараптама 2018 жылдың мамыр-маусым айларында жасалды.

ҒЗИ қызметкерлерімен 30-дан аса тауар топтарының маркетингтік зерттеулері жүргізілді; жобалар бойынша, өндіріске ендіру және меңгеруге дайын, 100-дан аса бизнес- жоспарлар жасалды.

АЭМ ҒЗИ қызметкерлерімен 30 аса монография, 50-тен аса оқулық, 500–ден аса ғылыми еңбектер жарияланып, халықаралық және республикалық конференцияларға 200-ден аса баяндамалар жасалып, 50-тен аса инновациялық патенттер алынған.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры бұйрығымен ҒЗИ директоры Есиркепова А.М. «6D051000 - Мемлекеттік және жергілікті басқару», «6D090500 - Әлеуметтік жұмыс», «6D050600 - Экономика» мамандықтары бойынша Мемлекеттік басқару академиясындағы диссертациялық кеңес төрайымының орынбасары болып тағайындалды.

Оңтүстік-Батыс өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен бірлескен жұмыс

 

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде ғылыми-зерттеу институтын Лодзидағы Әлеуметтік ғылымдар академиясының - Краковтағы Қолданбалы ғылымдар факультетінің аймақтық директоры - Моника Яворска және сол ЖОО халықаралық қатынастар бойынша коориднаторы Виктория Сак М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Аймақтық экономика мәселелері» ғылыми-зерттеу институтындағы іс-сапар кезінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің факультеттері мен зертханаларымен танысқан.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізілді

Контактные данные руководителя и подразделения 

Ф.И.О. Есиркепова Алтын Махмудовна

 Директор

Степень: экономика ғылымдарының докторы, профессор

Адрес: 160012.  Шымкент қ.,

 Тауке хан даңғылы  5, корпус 16, каб. 205

Телефон: +77024650044

Е- mail:  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.