«АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІ МЕН СУ ҚОРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

Мақсаты: “Агроөнеркәсіп кешені мен су қоры мәселелері” ҒЗИ материалды-техникалық база мен университет ғалымдарының зияткерлік мүмкіндігін  тиімді қолдана отырып ғылыми зерттеу жұмыстарын нәтижелі ұйымдастыру және жоғарлату мақсатында ашылды.

Зертхананың ғылыми-зерттеу жұмыстарының  негізгі бағыты:

-       Аймақтың экономикалық дамуында  маңызы басым болып табылатын су қорлары мен агроөнеркәсіп кешені саласының әлеуетін оңтайлы қолдану мақсатында, іргелі ғылыми зерттеу жұмыстары мен қолданбалы зерттеулер жүргізуге бағытталған;

-       Институттың ғылыми мүмкіндігін қолдана отырып, мал, өсімдік шаруашылығын және су қорын тиімді дамыту үшін  кешенді ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу, шығармашылық сүйемелдеу, сонымен қатар, агроөнеркәсіп кешенінің мамандарының біліктілігін арттыру болып табылады;

-       Асыл тұқымдық және тұқымдық материалды, сондай-ақ Қазақстанның Оңтүстік өңіріне арналған перспективалы технологияларды әзірлеп тарату арқылы мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;

-       Тұрақты даму негізінде ішкі нарық қажеттілігін қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті, сапалы ауылшаруашылық өнімдерін өндіру;

-       Агроөнеркәсіп кешені қаажеттіліктеріне байланысты жоғары білікті ғылыми кадр мамандарын дайындау;

-       Ауылшаруашылық мәдениетін жаңа сұрыптармен гибридтермен қамтамасыз ету және  тарату;

-       Агроөнеркәсіп кешені саласындағы әлемдік жетістіктерді мемлекет мүддесіне қолдану мақсатында сараптау және зерттеу;

-       Асыл тұқымды материалды өндіру және енгізу;

-       Мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және құрғақ климат жағдайында өсетін өсімдіктерді жүйелі түрде зерттеу;

-       Шет елдердің жетекші ғылыми орталықтарымен бірлесе ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.

-       Жер беті және жер асты суларының сапасын зерттеу, су сапасының қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері; 

-       Судың ауыр металдар, пестицидтер және мұнай өнімдерімен ластануын зерттеу, мұнай мен газ өндірудің су сапасына әсері;

-       Талас, Шу, Жайық, Сырдария, Ертіс, Іле және т.б., трансшекаралық өзендердің су сапасын, су алмасу процессі мен судың минералдануын зерттеу, Қазақстан территориясында орналасқан трансшекаралық өзен ағындарының ластануын төмендетуге бағытталған шаралар қолдану; 

-       Су түбіндегі сорғы мен өлшенген ағымдардағы су шығынын зерттеуге арналған гидротехникалық,  гидравликалық және гидрологиялық зерттеулерге қатысу;

-       Техникалық-экономикалық негіздеме жасау мен зерттеу, ағынды сулардың гидроэнергетикалық қуатын бағалайтын жоба ұсыну, кіші ГЭС және басқа жаңартылған энергия көздерінің жобаларын жасау;

-       Су шаруашылық нысандарын (су  іркуіш және тұндырғыш құрылысы, бөгеттер мен кіші су қоймалар), жайылымдық жерлерді, елді-мекендерді сумен қамтамасыз ету бойынша жобалар жасау;

-       Өзен, көл және су қойма төңіректеріндегі суды қорғайтын жобалар дайындау;

-       Ағынды суларды тазалау бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу мен тұрмыстық, ауыл шаруашылық, өнеркәсіптік қалдықтарды пайдаға асырудың қоршаған ортаға әсерін бағалау.

Негізгі жетістіктері: Түйе сүтін өңдеудің кешенді-кластерлік технологиясы жасақталып емдік қышқылсүт өнімдерін: ұзақ мерзім сақталатын сапалы шұбат, сергіткіш шұбат сусыны,  иммунды күшейтетін балқаймақ, ішкі құрылыс ауруларына және  қант диабетіне қарсы биойогурт,  құрғақ шұбат, таблеткаланған шұбат, құрғақ шұбаттан саше-түйіршік алу технологиясы жасақталған. Түйе сүтінен қышқылсүт өнімін кешенді-кластерлік технология арқылы алу әдісі Қазақстан Республикасының 8 инновациялық патентімен  қорғалған. Түйе сүтінен жасалған қышқылсүт өнімдерінің толық биохимиялық сараптамасының нәтижесі Алматы қ., АҚ «Тағамтану академиясы», ЖШС «Нутритест» орталығында тәуелсіз сынақтан өткізіліп жоғары сапалы өнімдер деп сынақ сертификаттары берілген.

Өсімдік тұқымдарын себер алдында электр магнитті толқынмен өңдеп, егін өнімділігін 20 – 30 пайызға минералды тыңайтқыштарсыз арттыратын  технологиясын жасақтаған. «Дәндерді электромагнитті толқындармен себер алдында өңдеу әдісі» ҚР Патентіне авторлық өнертабыс патентімен қорғалған.Тұқымдардың биоморфологиялық үдерісін ынталандыруға бағытталған резонансты жиілікпен реттелетін электромагниттік толқындарды пайдалану бойынша ҒЗЖ өткізу нәтижесінде әр ауыл шаруашылық өніміне берілетін жиілік тәртібі таңдалынып алынды. Жалпылама қорытындылардың көрсеткіші бойынша, іріктеліп алынған ЭМТ дәнді (бидай, арпа, тритикале, жүгері) техникалық (мақта), бау-бақша (қауын, қарбыз)  тұқымдар 1-2 күн алдын өнген. Тамыр жүйесінің көлемі 1,5 есе көп болды, жапырақтар саны көбейді, бұталығы, сабағындағы дәні және олардың көлемі ұлғайды. Бидай, тритикале, арпа дәндерінің сапасы төмендеген жоқ, протеин, майлылық, өзегі, күлділігі бақылау деңгейінде сақталды, балауыздылығы 5-7%-ға көбейгендігі анықталды.

Отандық жүзім, сары өрік және қара өрік жемістерінен табиғи экологиялық таза  мейіз, кептірілген  сары өрік және  қара өрік қағын алу технологиясын жасақтау.Ғылыми жұмыстардың нәтижесінде жүзімді кептіру технологиясы «Жүзімді кептіру әдісі» бойынша  Қазақстан Республикасының инновациялық патентімен  қорғалған. Авторлары: Тоханов М.Т., Тоханов Б.М., және т.б. Жеміс-жидектерді өндіру үшін жаңа технологияларды пайдалану, кептіру үрдісіне дайындау және заманауи инфрақызыл кептіргіш технологиясын  қолдану, алынған өнімнің бастапқы шикізаттық  дәрумендері мен биобелсенді заттарын 80-95 пайыз көлемінде сақтап қалуына байланысты, тауарлық және тағамдық сапасы жоғары, кептірілген өнім алуға мүмкіндік береді және қазіргі таңда өнімге жоғары тауарлы өң беруге арналған қоршаған  орта мен өнімді ластайтын бөгде химиялық реагентті қосындылар қолданбау арқылы жүзеге асады. Жаңа технологиялармен кептірілген өнім  балғын шикізат секілді, барлық дәрумендерді  барынша жоғары деңгейде сақталуына байланысты табиғи таза, тағамдық сапасы жоғары, емдік қасиетке ие.

Халықаралық байланыстар.

-     Санкт-Петербург мемлекеттік политехникалық университеті, Санкт-Петербург қаласы, РФ

-     Ресей мемлекеттік гидрометеорологиялық университет, Санкт-Петербург қаласы, РФ

-     Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механизациялау институты, Ташкент қаласы, Өзбекстан

-     Ұлықбек атындағы өзбек ұлттық универститеті, Ташкент қаласы

-     Д.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті, Мәскеу қаласы, РФ

-     Харьков политехникалық институты ұлттық техникалық университеті, Харьков қаласы, Украина

Зертхана Д.И. Менделеев атындағы Ресей химико-технологиялық университеті, «Харьков политехникалық институты» Ұлттық техникалық университетімен халықаралық ғылыми байланыстарды дамытып жатыр.

75 жылдыққа арналған мәлімет

ІСІТЕ 2018 «Электромагнитті толқын генераторын қолдану арқылы ауыл шаруашылық мәдениеттердің өнімділігін арттыру» атты мақала жарияланды.

Байланыс

Аты-жөні: Тоханов Мусатилла Тоханович

Дәрежесі: Ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Отырар мөлтек ауданы, №43 үй, 11 кв

Телефон: үй тел.: 52-21-79; моб.тел.: 87013650138

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Аты-жөні: Хусанов Алишер Ебадуллаұлы

Дәрежесі: Техника ғылымдарының кандидаты

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Сайрам мөлтек ауданы,  Ерімбетов көшесі, №38А үй, 19 кв

Телефон: үй тел.: 473-473; моб.тел.: 87004856739

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Аты-жөні: Өмірзақова Айжан Жандарбекқызы

Дәрежесі: Бакалавр

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Сәуле мөлтек ауданы,  Тау сәуле көшесі,нөмірсіз

Телефон: моб.тел.: 87053653315

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Аты-жөні: Адибаева Маржан Бердібекқызы

Дәрежесі: Магистр

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Самал-3 мөлтек ауданы,  4158 уч

Телефон: моб.тел.: 87016546900, 87774229940

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Сурет 1. ИПКС-056-01(Н) технологиялық әмбебап модулінде түйе сүтін пастеризациялау үрдісі

УКП-1000 құрылғысында дайын шұбатты тығындау

Сурет 3. Таблетпресс 6000Ѕ құрылғысында түйыршік таблетка жасақтау үрдісі

Сурет 4. Құрғақ шұбатты қайта қалпына келтіру үрдісі

Сурет 5. Түйе сүтінен биойогурт жасақтау үрдісі

Сурет 6. Универсал СД-4 инфрақызыл кептіргіш құрылғысында жеміс-жидектерді кептіру үрдісі

Сурет 7. Отандық, табиғи таза кептірілген өнімдер


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.