Parasat
«Парасат» басқармасының басшысы Дулатова Гулбақыт Сейсенбекқызы құқық магистрі E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. |
-
Басқарма қызметкерлері
Турегелдиева Элвира Мәлікқызы Бас маман Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. |
|
Жаппар Несібелі Нұрланқызы Жоғары білікті маман құқық магистрі |
-
Жалпы мәліметтер
«Парасат» басқармасы — М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметін үйлестіруші құрылымдық буыны болып табылады.
Басқарма «Sanaly Urpaq» республикалық жобалық Кеңсесінің, «Шымкент-Адалдық алаңы» және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен, Шымкент қаласының әкімдігімен, жастар ұйымдарының өкілдерімен, БАҚ және басқа да уәкілетті органдармен байланысты қолдайды. Орталық халықаралық стандарт талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізуді іске асыруға жәрдемдеседі.
Басқарманың мақсаты – жоғары оқу орнын тәртіп пен мәдениеттің, жауапкершілік пен жасампаздықтың түйіскен алаңына айналдыру, сыбайлас жемқорлыққа қолайлы себептер мен жағдайларды уақытылы жоюға бағытталған іс-шаралар өткізу, жоғары моральдық құндылықтарға ие, жауапты, ынталы және әлеуметтік-құзыретті азамат пен өз елінің патриотын қалыптастыру және дамыту үшін жағдай жасау, сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл саласындағы уәкілетті орандармен ынтымақтастықты қамтамасыз ету және әріптестік қарым-қатынас орнату болып табылады.
Басқарма жұмысының негізгі бағыттары:
- сыбайлас жемқорлық көрінісінің белгілерін, ықтимал қауіп-қатерлерді анықтау саласындағы университет қызметін көрсететін үдерістерге мониторингті ұйымдастыру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды дайындау мен өткізуді бақылауды қамтамасыз ету;
- университеттің білім беру, тәрбие және ғылыми-зерттеу процестерінде қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар мен механизмдерді қолдануды қамтамасыз ету;
- сыбайлас жемқорлыққа қолайлы себептер мен жағдайларды уақтылы жоюға бағытталған іс-шараларды өткізу;
- Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Адалдық алаңы» жобасын университет қызметкерлері мен білім алушылары арасында ұжымда түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесінің ұсынымдарында қамтылған негізгі басымдықтарды университет қызметкерлері мен білім алушылары арасында ұжымда түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық ұйымдармен әріптестік қарым-қатынас құру;
- «Ізгілік елшісі» жобасы бойынша түсіндіру, ұйымдастыру, үйлестіру жұмыстарын жүзеге асыру.
-
Нормативтік құқықтық актілер
1) Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы
2) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңы
3) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2019 жылдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМАСЫ
5) 2020-2022 жылдарға арналған ЖЖОКБҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің іс-шаралар жоспары
6) М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЕРЕЖЕСІ
8) М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӘДЕП КОДЕКСІ
9) М.Әуезов атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӘДЕП ЖӨНІНДНГІ
10) М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӘДЕП
-
Әдеп кеңесі
-
Бейнеролик