Байболов Қанат Сейтжанұлы - Оқу және оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректор
Қанат Сейтжанұлы - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу ісі және ақпараттық технологиялар жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент.
1966 жылы 9 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысы , Байдібек ауданы, Байдібек аулында туылған. Білімі жоғары, 1990 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын,(инженер -құрлысшы) 2006 жылы Алматы экономикалық университетін (экономист) бітірген.
1990 жылдан бастап –Қазақ химия-технологиялық институтының «Үй мен ғимараттар архитектура» кафедрасының инженері, 1993 жылдан бастап Қазақ химия-технологиялық институтының аспиранты. 1995 жылдан бастап - Қазақ химия-технологиялық институтының оқытушысы, аға оқытушысы.
2004 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Оқу әдістемелік басқармасында бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша жетекші маманы,оқу секторының жетекшісі.
2005 жылдан бастап «Құрылыс материалдары,бұйымдарының технологиясы және конструкциялары» кафедрасының меңгерушісі.
2007 жылдан бастап М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Жоғары оқу орнынан кейінгі даярлау орталығының бастығы. 2009 жылдан бастап М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Құрылыс, машинажасау және көлік» факультетінің деканы.
2010 жылдан бастап М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу ісі және ақпараттық технологиялар жөніндегі проректоры.
2018 жылдан бастап М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу және оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры.