Экономика, экология және жоғары жылдамдықты теміржол жолдарының инфрақұрылымы

ЖОБАНЫҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

Атауы:598817-EPP-1-2018-1-DE-EPPKA2-CBHE-JPEEIHSR- Экономика, экология және жоғары жылдамдықты теміржол жолдарының инфрақұрылымы 

(EEIHSR)

Ағылшын тілінде: Economics, Ecology and Infrastructure at High-Speed Railways (EEIHSR)

Жүзеге асыру мерзімі: 2018-2021 жж.

Жобаның жетекшісі/ грантты иесі:

Дрезден техникалық университеті, Германия

ЖОО-қатысушылар:

Урал мемлекеттік қатынас жолдары университеті(Ресей Федерациясы)

Мадрид политехникалық университеті (Испания)

 

Катовице экономика университеті (Польша)

М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы (Қазақстан) - мемлекеттік координатор

 

Евразийский национальный университет имени Н.Гумилева(Казахстан)

ЖОБА МАҚСАТЫ:

ERASMUS  бағдарламасы аясында қазақстандық, ресейлік және еуропалық білім беру бағдарламаларын (ОП) үйлестіру және бірлескен магистрлік бағдарлама құру («Жоғары жылдамдықты темір жолдарда экономика, экология және инфрақұрылым (EEIHSR) (жоғары жылдамдықты теміржолдарда экономика, экология және инфрақұрылым)».

М.Әуезов атындағы ОҚМУ – дің жобадағы рөлі:

1. магистратура бағдарламасының оқужоспары мен модульдерін дайындау;

2. ОҚМУ-ға арналған техникалық мамандандырылған зертханаларды дайындау;

3. магистранттарға арналған оқу материалдары әзірлеу;

4. оқытушыларға арналған  қарқынды тренингтер дайындау және өткізу;

5. мамандарға арналған үздіксіз білім беру курстарын дайындау;

6. мамандарға арналған үздіксіз білім беру курстарын енгізу;

Жаңалықтар:

1.     Ұйымдастырушылық кездесулер (kick off meeting)

Катовице Экономика университеті (Польша), Мадрид техникалық университеті (Испания), Дрезден техникалық университетінде  18.03. - 28.03.2019 жылы жұмысшы семинар кезінде жоба қатысушылары жобаның аясында екі деңгейлі білім берудің оқу жоспарын жасауға белсенді қатысты. Жобаның серіктес университеттері үшін Дрезден техникалық университетінде  Ж.А. Шингисбаева М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің шығармашылығы бойынша таныстыру презентациясын өткізді.

2. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың  598817-EPP-1-2018-1-DE-EPPKA2-CBHE-JPEEIHSR «Жылдам темір жолдардағы экономика, экология және инфрақұрылым» жобасы аясындағы бірінші мониторингте қатысуы.

2019 жылдың 24 мамыр айында М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы базасында (Алматы қ.) 598817-EPP-1-2018-1de-EPPKA2-CBHE-JP Экономика, экология және инфрақұрылым (EEIHSR) жобасы аясында Эрасмус+ Қазақстандағы Ұлттық кеңсесінің директоры     Ш.У.Тасболатова және темір жол көлігі саласындағы жергілікті жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен алғашқы консультативтік мониторинг болып өтті. Мониторингтің  басты мақсаты  қазіргі уақыттағы жобаны іске асыру процесін бағалау, сондай-ақ нәтижелер және қойылған мақсаттарға қол жеткізу туралы ақпарат алу. Іс-шара аясында жобаға қатысушы М.Тынышпаев атындағы ҚазККА, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ және М.Әуезов атындағы ОҚМУ жоғары оқу орындары презентациялары ұсынылды. 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.