7M04110 Экономика
Э.ғ. к., "Экономика" кафедрасының профессоры Г.И. Абдикеримова 2021 жылғы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағының иегері болып табылады.
2022 жылдың 31 қазанында "Экономика" кафедрасымен бірлесіп Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг атындағы Климаттық экономика орталығы ашылды.
Халықаралық ынтымақтастық аясында магистранттар мен докторанттарға шетелдік профессорлар Стефан Дырка (Польша), Нихат Батмаз (Түркия), Химед Карадал (Түркия) дәрістер оқыды.
Ғылыми кеңесшілер:
- Есиркепова Алтын Махмудовна-экономика ғылымдарының докторы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің "Экономика" кафедрасының профессоры;
- Филин Сергей Александрович-экономика ғылымдарының докторы, "Г. в. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті" ФГБОУ корпоративтік басқару және инноватика кафедрасының профессоры (Мәскеу, Ресей).
Соңғы үш жылда кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы әлемнің және еліміздің жетекші университеттерінде: Түркия, Испания, Ресей, Украина, Беларусь және Қазақстанның жоғары оқу орындарында біліктілігін арттырудан өтті. Сондай-ақ кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы Шымкент қаласы «Бал Текстиль» ЖШС кәсіпорнында, Нұр-Сұлтан қаласы «Атамекен» ҚР ҰКП, Алматы қаласындағы Халықаралық инновациялық технологиялар академиясында, «ӨРЛЕУ біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-да біліктіліктерін арттырды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. Алматы қ. «Жаһандық кәсіби даму» оқу орталығы Небәрі үш жылдың ішінде кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы 44 жоғары оқу орындары мен ұйымдарда біліктілігін арттырудан өтіп, сертификаттар алды.
«Экономика» кафедрасында штаттық кесте бойынша барлығы 26 профессор-оқытушылық құрам жұмыс істеді. Оның ішінде 2 экономика ғылымдарының докторы, 1 PhD докторы, 8 экономика ғылымдарының кандидаты, 14 магистр. 2022-2023 оқу жылына бекітілген жоспар бойынша 3 мұғалім біліктілігін арттыру курсын аяқтады, сертификаттары бар (кесте 1).
1-кесте – 2022-2023 жылдарға арналған Оқытылатын пәндер бейініне сәйкес «Басқару және бизнес» жоғары мектебі «Экономика» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың жылдық жоспары
Тегі Аты Әкесінің аты |
Лауазымы, ғылыми дәрежесі |
Мамандық коды |
Оқыту өтетін ұйымның атауы және мерзімдері |
Абдикеримова Гульжанар Иманбаевна |
Доцент, к.э.н. |
экономика |
Біліктілікті жоғарылату курстары М.Әуезов ат. ОҚУ, Қаңтар 2023 жыл |
Бекманова Гульжан Усеновна |
Ст.препод., магистр |
экономика |
Біліктілікті жоғарылату курстары М.Әуезов ат. ОҚУ, наурыз 2023 ж |
Шевченко Ирина Ивановна |
Ст.препод., магистр |
экономика |
Біліктілікті жоғарылату курстары М.Әуезов ат. ОҚУ, 2023, мамыр |
Оқу жылында кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы әлемнің және еліміздің жетекші университеттерінде жоспардан тыс біліктілігін арттырудан өтті. Сондай-ақ, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы Шымкент қаласы, «Бал Текстиль» ЖШС кәсіпорнында біліктіліктерін арттырды. Сертификаттары бар.
«Экономика» кафедрасы білім алушылардың кәсіби практикасына келісім- шарттарға тұрады және оларды жыл сайын Шымкент қ. және Түркістан облысының жетекші ұйымдарымен: Түркістан облысының Стратегия және экономикалық даму басқармасы, Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы, Шымкент қ. қаржы басқармасы, Шымкент қ. және Түркістан облысының әкімдіктері, «Бал Текстиль» ЖШС, «Шымкентмай» АҚ-мен ұзартып отырады және басқалар.
Э.ғ. к., профессор Абдикеримова Г. И. және PhD докторы, доцент Есболова А. Е. 2021 жылғы 22-28 қараша аралығында Испанияның Валенсия Политехникалық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. «Экономика және бизнес» факультетінің инженерлік экономика департаментінің профессорлары Елена Де ла Поза, Навидад Омеда және кафедраның басқа мүшелерімен кездесулер өткізді.
Э. ғ. к., профессор Абдикеримова Г.И. және PhD докторы, доцент Есболова А. Е. Түркия мемлекеті Мугла университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдамадан өту барысында ЖОО басшылығымен кездесулер өткізіп тәжірибелік дәрістер жасап пікір алмасты.