7M04110 Экономика
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
7М04110-Экономика |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
7М04 - Бизнес, басқару және құқық |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
7М041 - «Бизнес және басқару» |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
М070 Экономика |
Оқыту тілі |
қазақ, орыс, ағылшын |
БББ көлемі |
120 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
|
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
|
БББ мақсаты |
Инновациялық экономика жағдайында экономиканың түрлі салалары мен бизнес сферасы, макро- және микроэкономикалық процестер мен жүйелерді зерттеудегі ғылыми және педагогикалық қызмет үшін тиімді басқару шешімдерін қабылдай алатын жоғары білікті, бәсекеге қабілетті магистрлерді даярлау |
Берілетін дәреженің аталуы |
«Экономика ғылымдарының магистрі» |
Кәсіби қызмет саласы |
- Меншік нысандарындағы ұйымдардың экономикалық, қаржылық, маркетингтік және аналитикалық қызметтері - Мемлекеттік органдар - Ғылыми-зерттеу ұйымдары - Жоғары және қосымша білім беру жүйелерінің мекемелері |
Оқыту нәтижелері |
ОН1 Академиялық жазу қағидаттарын және академиялық адалдық мәдениетін ескере отырып, тұлғааралық қарым-қатынаста, кәсіби қызметте шет тілінде қарым-қатынас жасау. ОН2 Ғылым философиясының ережелері мен категорияларына сүйене отырып, оның дамуының қазіргі кезеңінде ғылымда пайда болатын әртүрлі фактілерді, құбылыстар мен процестерді талдау. ОН3 Кәсіпорындарды, салаларды, өңірлерді, ұлттық және әлемдік экономиканы дамытудың тиімді стратегияларын, жоспарлары мен болжамдарын әзірлеу ОН4 Ұлттық экономикадағы ресурстарды, процестер мен тәуекелдерді бөлу мен пайдалануды ескере отырып, бизнес-процестерді сапалы жақсарту және трансформациялау жолдарын ұсына отырып, тиімді шешімдер қабылдау ОН5 Әлеуметтік-экономикалық жүйелердің тиімділігі, бәсекеге қабілеттілігі мен қауіпсіздігін арттыру резервтерін анықтау ОН6 Әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жүйелер саласында ғылыми зерттеулер жүргізу. ОН7 Белгісіздік факторын ескере отырып, инновацялар мен инвестицияларды енгізу негізінде жобалық шешімдерді қалыптастыра отырып, инновациялық идеяларды синтездеу. ОН8 Оқу-тәрбие процесін диагностикалау негізінде экономикалық пәндерді оқытудың заманауи әдістері мен әдістемелерін қолдану ОН9 Адамдарды және олардың әрекеттерін олардың психологиясын, қабілеттерін және мотивациясын ескере отырып басқару |