6B07180
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
6В07180 Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша) |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
6В07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
6В071 Инженерия және инженерлік іс |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
В064- Механика және металл өңдеу |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс, ағылшын |
БББ көлемі |
240 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
|
БББ мақсаты |
Технологиялық машиналар мен жабдықтарды жобалау және қызмет көрсету саласындағы ұйымдастыру-басқару, ақпараттық-талдау, кәсіпкерлік және ғылыми-зерттеу қызметіне бәсекеге қабілетті маманды дайындау. |
Берілетін дәреженің аталуы |
«Техника және технология бакалавры» |
Кәсіби қызмет саласы |
Ғылым, техника және өндірістің көп салалы секторы химия өнеркәсібінде әр түрлі материалдарды өндіруге арналған автоматтандырылған желілердің, агрегаттардың, машиналар мен аппараттардың құрылысы мен жұмыс режимдерін әзірлеуді, жобалауды, іске қосуды, баптауды, пайдалануды, жөндеуді және жетілдіруді қамтитын, сондай-ақ әскери-өнеркәсіптік кешен, жобалау-конструкторлық және ғылыми-зерттеу ұйымдары. |
Оқыту нәтижелері |
ОН1 Кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту дағдыларын,академиялық жазуды, академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетін ескере отырып еркін қарым-қатынас жасау. ОН2 Кәсіби қызметте жаратылыстану-ғылыми, математикалық, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, кәсіпкерлік және инженерлік білімді, деректерді математикалық өңдеу әдістерін, ғылыми және эксперименталды зерттеулерді, нормативтік құжаттарды және экономикалық талдау элементтерін қолдану. ОН3 Кәсіпорынның экономикалық жағдайын талдау, кәсіби және қоғамдық қызметтегі құқықтық нормаларды пайдалану, кәсіпкерлік дағдыларын игеру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды және кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру, әлеуметтік білімді қолдану арқылы, нарықтың әртүрлі құрылымдары туралы түсінікке ие болу ОН4 Механикалық тұтастықты, технологиялық жабдықтың сенімділігін және оны машиналар мен механизмдерді, бөлшектерді құру және оларды жобалау принциптері, құрылымдық жүйелердің беріктігі мен қаттылығын есептеу негізінде пайдалануды қамтамасыз етеді ОН5 Машиналардың кинематикалық сұлбаларын қолдану, есептеу сұлбаларын құру, механикалық берілістерді жобалау және машина бөлшектері үшін конструкциялық материалдарды таңдап механиканың негізгі заңдары мен әдістерін қолдану арқылы нақты қолданбалы есептерді шешу ОН6 Дәнекерлеу жабдықтарын, құрылғылар мен құралдарды таңдай отырып, бұйымдарды жасаудың негізгі тәсілдерін және құрастыру тәсілдерін, сондай-ақ конструкцияларды дәнекерлеуді қолдану. ОН7 Стандарттау, техникалық құралдарды, жүйелерді, процестерді, жабдықтар мен материалдарды сертификаттау, техникалық дайындау жұмыстарын орындай отырып, техникалық тапсырмаларға сәйкес машина жасау конструкцияларының бөлшектері мен тораптарын есептеу және жобалау жөніндегі жұмыстарға қатысу ОН8 Энергия және ресурс үнемдеу, сондай-ақ қоршаған ортаны өндірістің техногендік әсерінен қорғауды ескере отырып, негізгі және қосалқы жабдықтарды таңдау және есептеу ОН9 Кешенді механикаландыру мен автоматтандыруды қолдана отырып, қойма жабдықтарына арналған құрылғыларды таңдау және көтеру-тасымалдау жұмыстарын орындау. ОН10 Машиналар мен жабдықтарды пайдалану, монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша регламенттік жұмыстардың негізгі түрлерінің орындалуын ұйымдастыру және бақылау, зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін енгізе отырып, машиналар мен олардың элементтерін типтік әдістемелер бойынша сенімділікке сынау жүргізу ОН11 Гидропневматикалық машиналар мен жетектерді және гидромеханикалық, механикалық, жылу массалмасу процестерін жүргізу үшін технологиялық жабдықты, оны есептеуді және процестің оңтайлы технологиялық параметрлерін анықтай отырып, таңдауды жүргізу. ОН12 Технологиялық сұлбаларды құру принциптерін талдай отырып, технологиялық жабдықты есептеу және эскиздік жобалауды жүзеге асыру ОН13 Жеке және команда мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу, өз көзқарасын дұрыс қорғау, өз іс әрекеттерін түзету және әр түрлі әдістерді қолдану, "Міпог" қосымша бағдарламасы қосымша кәсіби құзыреттілікті кеңейту. |