6B11130 Вокалды-хор қызметінің менеджменті
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
6В11130 Вокалды-хор қызметінің менеджменті |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
6В11 Қызмет көрсету |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
6В111 Қызмет көрсету саласы
|
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
В092 Тынығу |
Оқыту тілі |
қазақ, орыс, ағылшын |
БББ көлемі |
240 |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
|
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
|
БББ мақсаты |
Мәдени-тынығу саласындағы мекемелерде шығармашылық ұжымдарды дербес басқаруға, мемлекеттік мәдени саясаттың басымдықтарына сәйкес ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру-басқару, концерттік-орындаушылық және педагогикалық қызметті жүргізуге мүмкіндік беретін жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілікке ие, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. |
Берілетін дәреженің атауы |
Қызмет көрсету саласының бакалавры |
Кәсіби қызмет саласы |
Мәдениет, өнер, білім, ғылым. |
Оқыту нәтижелері |
ОН1 Қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және саяси білімдерін, ғылыми зерттеу әдістерін, әлеуметтік-мәдени қызметтегі нормативтік құжаттарды көрсету. OН2 Мәдени мұраны сақтау, қалпына келтіру, пайдалану және рухани жаңғыру үшін ұлттық сананы қалыптастырудың коммуникативті дағдыларына ие болу. ОН3 Этносаралық байланыс пен әлеуметтік-этникалық дамудың негіздерін ескере отырып, мәдени құндылықтарды құру және байыту, халықтың әр түрлі топтары үшін шығармашылық даму мәселелерін шешу. ОН4 Салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру. OН5 Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін ескере отырып, академиялық жазу білімін қазақ, орыс және ағылшын тілдерін кәсіби ортада және қоғамда еркін қолдану. OН6 Психодидактика, көпмәдениетті және инклюзивті білім беру негіздерін қолдана отырып, білім беру ұйымдары жанындағы секциялар мен үйірмелерде ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті жүзеге асыру. ОН7 Мәдени-демалыс жұмысының тарихы мен теориясы туралы білімге сүйене отырып, халықтың рекреациялық және ойын-сауық демалысын ұйымдастырудың заманауи әдістерін жүзеге асыру. ОН8 Мәдениет ұйымдарында вокалдық және орындаушылық шеберліктерін көрсете отырып, концерттік-орындаушылық қызметті жүзеге асыру. ОН9 Хормен, ансамбльмен жұмыс істеу технологиясын, вокалдық-хор техникасын меңгерудің әртүрлі әдістерін, хор және вокалдық шығармаларды құрастыру, әр түрлі текстуралар мен күрделіліктегі партитуралар парағынан оқу дағдыларын меңгеру. ОН10 Ақпараттық және цифрлық технологияларды, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау қабілетін, Finale, Sibelius, MuseScore компьютерлік бағдарламаларын кәсіби қызметте пайдалану дағдыларын меңгеру. ОН11 Музыкалық аспаптарда ойнау техникасын меңгеру, музыка теориясы мен сольфеджио туралы білімдерін көрсете отырып, солистер мен хормен сүйемелдеу қабілеті. ОН12 Қазақ және шетел музыкалық әдебиетінің тарихы бойынша білімдерін көрсете отырып, ұлттық және әлемдік, заманауи және классикалық музыканың үздік үлгілерін насихаттау. |