6B05310 Физика
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
6В05310 Физика |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
6B053 Физикалық және химиялық ғылымдар |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
В054 Физика |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс |
БББ көлемі |
240 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
|
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
|
БББ мақсаты |
Эксперименттік, қолданбалы физика және білім беру саласындағы кәсіби қызметінің жоғары сапасына кепілдік беретін білімі, практикалық дағдыларымен құзыреттілігі бар мамандарды дайындау. |
Берілетін дәреженің аталуы |
жаратылыстану бакалавры |
Кәсіби қызмет саласы |
- эксперименталды, теориялықжәнеқолданбалы физика, соныменқатарараласжаратылыстанужәнетехникалықғылымдарсаласындағығылыми-зерттеу; - конструкторлық-технологиялық, өндірістік-технологиялықжәнеиндустриялық-өндірістік; - білімсаласы; - ақпараттықорталықтар, ұлттықкомпаниялар мен орталықтар. |
Оқыту нәтижелері |
ОН1 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын игере отырып кәсіби және ғылыми қызмет міндеттерін шешу, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлей алу. ОН2 Әлеуметтік-мәдени, дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілік, академиялық адалдық пен әдептілікті қалыптастыруға негізделген ғылыми-эксперименттік зерттеу әдістерін көрсету. ОН3 Ақпараттық және есептеу сауаттылығына ие бола отырып, оны мемлекеттік және ағылшын тілдерінде ғылыми есептерді, шолуларды, баяндамаларды ресімдеу, сондай-ақ қолданбалы математика мен физиканың мәселелерін шешу үшін пайдалану ОН4 Эксперименттік және қолданбалы физика саласындағы практикалық есептерді және ғылыми мәселелерді шешу үшін физика және астрономия заңдарын қолдану. ОН5 Заманауи физика дамуының қазіргі тенденцияларын біле отырып және жоғары математиканың математикалық аппаратын пайдалана отырып, физиканың қосымшалары мен типтік есептерін шешуде теориялық физика әдістерін қолдану. ОН6 Конденсирленген күй физикасы, сондай-ақ қазіргі заманғы жоғары технологиялар саласындағы ғылыми мәселелер мен тапсырмаларды шешуде эксперименттік деректерді өңдеу және интерпретациялау үшін компьютерлік әдістерді пайдалана отырып эксперименттік зерттеулер жүргізу ОН7 Эксперименттік және қолданбалы физика саласындағы ғылыми мәселелерді шешу үшін заманауи техникалық құралдарды және цифрлық технологияларды модельдеуде қолдану. ОН8 Жаңа технологиялардың физикалық негіздерін, сондай-ақ материалдардың физикалық қасиеттерінің олардың симметриясы мен құрылымынан өзара байланысын білу негізінде физиканың практикалық есептерін шешу. ОН9 Эксперименттік және қолданбалы физика саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, кәсіпорындарда және әлеуетті жұмыс берушілердің ұйымдарында құрылғыларды жобалау, жасау және пайдалану. ОН10 Әртүрлі құрылғылар мен оптоэлектронды құрылғыларды жасауда қолданылатын материалдардың қасиеттерін, сипаттамаларын және параметрлерін анықтау үшін физиканың эксперименттік әдістерін қолдану. ОН11 Физиканың қолданбалы мәселелерін шешу және физика жетістіктері негізінде жұмыс істейтін келешегі бар салаларды анықтау үшін зерттеушілік, іскерлік дағдыларды пайдалану. ОН12 Физика мен астрономиядағы процестерді зерттеуде олардың математикалық және физикалық модельдерін құру үшін заманауи теориялық және эксперименттік әдістерді қолдану |