6В04110 Экономика

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В04110   Экономика

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В04 Бизнес, басқару және құқық

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В041 Бизнес және басқару

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В046  Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі

Оқыту тілі

Қазақ, орыс,  ағылшын

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

 

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

 

БББ мақсаты

тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға, елдің, бизнес субъектілерінің озық экономикалық дамуын қамтамасыз етуге қабілетті жоғары білікті экономика бакалаврларын дайындау

Берілетін дәреженің аталуы

экономика бакалавры

Кәсіби қызмет саласы

Экономика бакалаврының кәсіби қызмет саласы ұлттық және аймақтық экономика саласы болып табылады.

Оқыту нәтижелері

ОН1 Академиялық жазу қағидаттары мен академиялық адалдық мәдениетін ескере отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау.

ОН2 Ғылыми зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды көрсету.

ОН3 Кәсіби қызметте заманауи техникалық құралдарды, бағдарламалық өнімдерді және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ақпараттық және есептеу сауаттылығы болуы тиіс.

ОН4 Кәсіби қызметте негізделген ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді әзірлеуге қатысу.

ОН5 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық, өндірістік және коммерциялық қызметінің (бизнес-жоспарларының) жоспарларын, кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің перспективалық және ағымдағы жоспарларын, кәсіпорынды дамытудың жалпы және функционалдық стратегияларын әзірлеу.ОН6 Еңбек үдерістері мен жұмыс орындарын жобалау, ұйымның еңбек ресурстарына қажеттіліктерін жоспарлау; еңбек шығындарын мөлшерлеуді іске асыру; еңбекақының және қызметті ынталандырудың заманауи нысандарын  әзірлеу.

ОН7 Қойылған экономикалық міндеттерді шешуге, экономикалық процестерді, макро және микро деңгейдегі құбылыстарды бағалауға қажетті деректерді жинауды, жүйелеуді, талдауды және өңдеуді жүзеге асыру; проблемаларды анықтай отырып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін ұсына отырып, кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы.

ОН8 Үнемдеу режимін, материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды оңтайлы пайдалану, өндірістің рентабельділігін, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін, еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу; экономикалық қызметтің тиімділігін арттыру резервтерін анықтау.

ОН9 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінің көрсеткіштерін, үдерістерді, құбылыстарды, жағдаяттарды экономикалық-математикалық үлгілеу, болжау әдістерін пайдалану. Стандартты теориялық және эконометриялық модельдерді құру.

ОН10 Қызметтің әр түрлі аяларында инвестициялық және инновациялық жобаларды (идеяны жинақтау кезеңінен инновацияны коммерцияландыруға дейін) әзірлеу және іске асыру және олардың тиімділігін бағалау.

ОН11 Белгісіздік пен тәуекел жағдайында кәсіпкерлік дағдыларын және жұмыс жасау дағдыларын пайдалану.

ОН12 Өзін-өзі тәрбиелеу және салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын көрсете отырып, жеке түрде және команданың мүшесі ретінде тиімді жұмыс жасау.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.