7M11410 Әлеуметтік жұмыс

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

7М11410Әлеуметтік жұмыс

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

7М11 Қызмет көрсету

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

7М114 Әлеуметтік жұмыс

 

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

М146 Әлеуметтік жұмыс

Оқыту тілі

қазақ, орыс

БББ көлемі

120 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Әлеуметтік жұмыс саласындағы ғылыми-педагогикалық қызметке дайын, теориялық және қолданбалы сипаттағы білімдері бар, кәсіби жарамдылықты қамтамасыз ететін, халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелерін кәсіби түрде шешуге дайын, бәсекеге қабілетті магистрлерді даярлау.

Берілетін дәреженің аталуы

ғылым магистрі

Кәсіби қызмет саласы

Жоғары және орта оқу орындарында, әлеуметтік ұйымдар мен мекемелерде, халықты әлеуметтік қорғау органдарында, жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызметтерінде және медициналық-әлеуметтік сараптамада, көші-қон қызметінде, Төтенше жағдайлар министрлігінде, ғылыми-зерттеу институттарында, қылмыстық-атқару жүйесінде, кәсіпорындарда, фирмаларда (мемлекеттік, жеке, қоғамдық, сондай-ақ өнеркәсіптік және ауылшаруашылық), жерлеу қызметтерінде, құқық қорғау органдарында, денсаулық сақтау жүйесінде, мәдениет, білім беру, зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік қызмет көрсету, әлеуметтік сақтандыру, мемлекеттік басқару, азаматтық қоғам ұйымдарының қызметі саласындағы менеджмент, әлеуметтік-бағдарланған бизнес.

Оқыту нәтижелері

ОН 1 - Ғылымда оның дамуының қазіргі кезеңінде туындайтын негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық мәселелерді, оның ішінде пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдап, ғылым философиясының, басқару психологиясының ережелері мен категорияларына негізделген әртүрлі фактілер мен құбылыстарды бағалай алады.

ОН 2 - Пәндердің оқу-әдістемелік кешенін жасай алады, жоғары мектеп мұғалімінің еңбегін ғылыми ұйымдастыруға сыни тұрғыдан баға бере алады, педагогикалық құбылыстардың табиғатын талдай алады.

ОН 3 - Ғылыми таным әдістерін қолданып, әлеуметтік зерттеулер саласындағы процестер мен құбылыстарды зерттеудің қолданыстағы тұжырымдамаларын, теориялары мен тәсілдерін талдайды.

ОН 4 - Халықты әлеуметтік қорғауды жақсарту үшін әлеуметтік әріптестік мәселелерін шешуге бағытталған кәсіби қарым-қатынас және мәдениетаралық коммуникацияны, сонымен қатар шет тілі дағдыларын меңгереді.

ОН 5 - Халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту және қоғамның әлеуметтік осал топтарын қорғау мақсатында ықтимал әлеуметтік тәуекелдерді ескере отырып, әлеуметтік жобаларды әзірлей алады.

ОН 6 - Жанжалды жағдайларда әлеуметтік шиеленіс деңгейін бақылау үшін әлеуметтік инновация әдістерін пайдаланып, заманауи медиативті технологияларды қолдана алады.

ОН 7 - Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы проблемаларға кәсіби және жан-жақты талдау жүргізуде көшбасшылық және ұжымды басқару дағдыларын меңгереді.

ОН 8 - Әлеуметтік менеджменттің өзекті әдістерін қолдана отырып, еңбек әлеуметтануы аясында жастарды әлеуметтендіру мәселелерін шеше алады.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.