7M02170 Дизайн
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
7М02170- Дизайн |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
7М02 - Гуманитарлық ғылым және өнер |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
7М021- Өнер |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
M035 Сән, дизайн |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс |
БББ көлемі |
120 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
Жоғары білім беру жүйесі мен дизайнның ғылыми саласы үшін "өнер" бағыты бойынша құзыретті ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау. |
Берілетін дәреженің аталуы |
Өнертану ғылымдарының магистрі |
Кәсіби қызмет саласы |
-мәдениет, -өнер -білім беру саласы |
Оқыту нәтижелері |
ОН1 тұлғааралық қарым-қатынаста, кәсіби қызметте, ғылыми мақалаларды жазуда шет тілін білуін көрсету. ОН2 ғылым философиясының ережелері мен категорияларына негізделе отырып, оның дамуының қазіргі кезеңінде ғылымда пайда болатын пәнаралық сипаттағы негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық мәселелерді талдау, әртүрлі фактілер мен құбылыстарды бағалау. ОН3 ұйымда қызметкерлердің дамуы мен тиімді пайдаланылуын бағалау, жаппай мінез-құлықты басқарудың әлеуметтік-психологиялық технологияларын меңгеру. ОН4 білім беру дизайны саласында оқытудың тиімді әдістемелерін, ғылыми зерттеулер әдіснамасы білімін қолдану, Жоғары мектеп педагогының ғылыми еңбегін сыни бағалау. ОН5 командада жұмыс істеу қабілетін көрсету, кәсіби қызметте стандартты емес жағдайларда жедел басқарушылық және көркемдік-шығармашылық шешімдерді қабылдау кезінде шығармашылық көзқарас пен логикалық ойлау қабілетін көрсету. ОН6 заманауи мәдениеттің, әлемдік өнер мен дизайн тұжырымдамаларының теорияларында, тәсілдерінде, мектептерінде, тұжырымдамаларында бағдарлану; ОН7 дизайнда жобалық әдістемелерді әзірлеу, көркемдік жобалаудың құралдары мен әдістері негізінде жаңа тұтынушылық қасиеттері бар дизайн объектілерінің жобаларын жасау; ОН8 компьютерлік-графикалық және көлемді үлгілеу, макеттеу және прототиптеу көмегімен дизайн-жобаларды әзірлеу; ОН9 ақпараттық ресурстарды тарта отырып, талдау жұмысын жүргізу; ғылыми мақалалар мен магистрлік диссертацияның нәтижелерін қорытындылау. ОН10 пәнаралық туыстық білім саласындағы проблемаларды талдау үшін алған білімдері мен іскерліктерін қолдану; тәжірибелік зерттеулерді өз бетінше орындау, мамандармен және кең аудиториямен талқылау кезінде зерттеу нәтижелерін негіздеу. |