6B07250 Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
6В07250 Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
6В07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
6В072 Өңдірістік және өңдеу салалары |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
В068 Азық-түлік өнімдерінің өндірісі |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс, ағылшын |
БББ көлемі |
240 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
Қайта өңдеу өндірістері саласындағы өндірістік міндеттерді білікті шеше алатын, еңбек нарығының өзгермелі талаптарына бейімделген, сұранысқа ие, бастамашыл бакалаврларды дайындау |
Берілетін дәреженің аталуы |
Техника және технология бакалавры |
Кәсіби қызмет саласы |
Кәсіби қызмет саласы қайта өңдеу өнеркәсібінің барлық салалары, қайта өңдеу өндірісінің өнімдерін өндіру және технологиялық үрдістерді әзірлеуді қамтамасыз ету, қайта өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары қызметінің түрлі нысандары мен түрлерінің кәсіпорындары болып табылады |
Оқыту нәтижелері |
ОН1 Академиялық адалдық принциптерін ұстана отырып, қазақ, орыс мен ағылшын тілдерінде кәсіби ортада және қоғамда қарым-қатынас мен коммуникация дағдыларын меңгеру. ОН2 Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде жаратылыстану, математикалық білімді, әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды көрсету ОН3 Ақпараттық және компьютерлік сауаттылыққа, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау қабілеттерін дамыту. ОН4 Өндірістік қызметтің қауіпсіздігі мен экологиялылығын, өндірістік санитария мен өндірістегі еңбекті қорғауды жақсарту үшін нормативтік құжаттар негізінде өндірістің технологиялық процесін ұйымдастырудың жаңа әдістерін енгізу, тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін сертификаттау және қызмет көрсету жүйелерімен қамтамасыз ету және қалпында сақтау. ОН5 Қайта өңдеу кәсіпорындарының технологиялық процестерін талдау негізінде технологиялық жобалауды және тиімді жобалау зерттемелерін іске асыру. ОН6 Негізгі және қосымша шикізат пен дайын өнімдер сапасының нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкестігін технохимиялық және микробиологиялық бақылау арқылы жүзеге асыруды қамтамасыз ету, жеткізілетін өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі бойынша шикізат пен материалдарды жеткізушілермен өзара әрекет орнату. ОН7 Тамақ өнімдерінде кездесетін ақау түрлерін және олардың алдын алу жолдарын ескере отырып, дайын өнімнің артықшылықтарын талдау негізінде шикізаттың, технологиялық жабдықтың және түпкілікті өнімге қойылатын талаптардың сапасын бағалауға жүйелі көзқарас негізінде қолданыстағы технологиялық процестерді жетілдіру. ОН8 Өндірістің қауіпсіздік және қоршаған ортаға зиянсыздығы талаптарына сәйкес өндірістік қуаттарды және жабдықты жүктеуді таңдау және есептеу негізінде заманауи технологиялық жабдықтарды пайдалану. ОН9 Шикізаттың, жартылай фабрикаттардың шығын нормасын, өндіріс рецептурасын, тағамдық және энергетикалық құндылықтарын ескере отырып, материалдық баланс негізінде технологиялық процестің құрамдас бөліктерін жүзеге асыру. ОН10 Өнімнің жаңа рецептураларын экономикалық тұрғыдан негізделген технологиялық процесстермен әзірлеу, жаңа нұсқаулықтар мен технологиялық регламенттерге сәйкес жаңа өндірістік цехтар және дайын өнімдер технологиялық желілерін құру. ОН11 Жұмыс жағдайының шарттарына сәйкес стандартты емес жағдайларда қайта өңдеу салаларының жаңа өнімдерінің технологияларын әзірлеу кезінде мәселелерді шешу, тәуекелді ескеру, маңызды шешім қабылдау және сәйкесінше әрекет етуді үйрену. ОН12 Өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын, сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстану, жеке және топтық жұмыстарды атқаруда өз-өзін көрсете білу. |