7M04130 Есеп және аудит
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
7М04130 «Есеп және аудит» |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
7M04 Бизнес, басқару және құқық |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
7M041 Бизнес және басқару |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
М073 Аудит және салық салу |
Оқыту тілі |
Орыс, қазақ |
БББ көлемі |
63 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
Кәсіби қызметтің таңдаулы саласында көшбасшы болуға қабілетті және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті есеп және аудит саласында құзыретті магистрлерді дайындау. |
Берілетін дәреженің аталуы |
« бизнес және басқару магистрі » |
Кәсіби қызмет саласы |
- қызмет түріне, меншік мөлшеріне немесе нысанына қарамастан ұйымдар, фирмалар, корпорациялар; - түрлі қаржы институттары; - мемлекеттік басқару органдары. |
Оқыту нәтижелері |
ОН 1-Тұлғааралық қарым-қатынаста, кәсіби қызметте, ғылыми мақалалар жазуда шет тілін білетіндігін көрсету. ОН 2-Ұйымдағы қызметкерлердің дамуы мен тиімді пайдаланылуын бағалау, жаппай мінез-құлықты басқарудың әлеуметтік-психологиялық технологияларын меңгеру. ОН 3-Кәсіпорынды стратегиялық басқаруды ұйымдастыру, инновациялық менеджмент, көшбасшылық теориялары туралы түсінік беру қабілетін көрсету; ОН 4-Магистрлік жоба, мақала, есеп, аналитикалық жазба және т. б. түрінде эксперименталды-зерттеу және талдау жұмысының нәтижелерін қорытындылау. ОН 5-Ұйымның шаруашылық қызметін есепке алуды, аудитті және басқаруды ұйымдастыру саласында күрделі және стандартты емес жағдайларда шешімдер қабылдау; ОН6-Кәсіби және практикалық қызметте статистикалық, экономикалық - математикалық әдістерді, автоматтан-дырылған бағдарламаларды қолдану; ОН 7-ХАС сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіне талдау жасау және аудит жүргізу. ОН 8-Қаржылық, басқарушылық есепке алу, аудит, талдау және бизнес саласында шешімдер қабылдау кезінде сандық және сапалық талдау әдістерін, оның ішінде функционалдық-құндық әдістерді, сондай-ақ тиісті ұйымдастырушылық-экономикалық модельдерді қолдану. |