7M04132 Есеп және аудит
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
7М04132 - Есеп және аудит |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
7M04 - Бизнес, басқару және құқық |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
7M041 - Бизнес және басқару |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
М073 Аудит және салық салу |
Оқыту тілі |
Қазақ, Орыс |
БББ көлемі |
120 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
Есепке алу-талдау және аудиторлық қызмет саласында терең ғылыми-педагогикалық және кәсіби даярлығы бар, еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті кадрларды даярлау. |
Берілетін дәреженің аталуы |
«Экономика ғылымдарының магистрі» |
Кәсіби қызмет саласы |
- қызмет түріне, меншік мөлшеріне немесе нысанына қарамастан ұйымдар, фирмалар, корпорациялар; - түрлі қаржы институттары; - мемлекеттік басқару органдары. - жоғары оқу орындары; - ғылыми-зерттеу ұйымдары. |
Оқыту нәтижелері |
ОН 1 - Тұлғааралық қарым-қатынаста, кәсіби қызметте, ғылыми мақалалар жазуда шет тілін білуін көрсету. ОН 2 - Ғылымның қазіргі даму кезеңінде ғылымда туындайтын негізгі дүниетанымдық және әдісанамалық мәселелерді, оның ішінде пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдау, ғылым философиясының ережелері мен санаттарына негізделген әртүрлі фактілер мен құбылыстарды бағалау. ОН 3 - Ұйымдағы қызметкерлердің дамуы мен тиімді пайдаланылуын бағалау, жаппай мінез-құлықты басқарудың педагогикалық және психологиялық технологияларын меңгеру. ОН 4 - Бизнестің проблемалық аспектілерін талдау және шешімдер қабылдау, сондай-ақ инновациялық жобаларды әзірлеу кезеңдерінің ұтымды реттілігін және әдістемесін анықтай білу. ОН 5 - Салық жүйесі практикасының заманауи зерттеулері мен талаптарын талдау, салық есебін ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік актілерді практикалық пайдалану дағдыларын меңгеру. ОН 6 - Бухгалтерлік есепте қолданылатын ақпараттық және цифрлық технологиялардың әдістерін меңгеру. ОН 7 - Қаржылық есептің тұжырымдамалары мен негізгі қағидаттары, ХҚЕС-қа сәйкес қаржылық есептіліктің барлық нысандарын дайындау саласында практикалық дағдыларды меңгеру. ОН 8 - Аудиторлық процедуралады орындау, аудитке және аудиторлық қызметке байланысты басқа да қызметтерді көрсету. ОН 9 - Басқару есебінің деректері негізінде басқару шешімдерін қабылдау, өндірісте калькуляциялау, өзіндік құн және шығындарды бөлу дағдыларына ие болу. |