8D02310 Филология
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
8D02310 Филология |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
8D02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
8D023 Тілдер және әдебиет |
Білімберу бағдарламаларының (БББ) тобы |
D060 Филология |
Оқыту тілі |
Қазақ |
БББ көлемі |
180 |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
|
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
|
БББ мақсаты |
8D02310 – Филология мамандығы бойынша докторанттарды даярлауға арналған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты: кәсіби және ғылыми құзыреттілікке ие гуманитарлық мамандардың жоғары білікті және халықаралық бәсекеге қабілетті, тәжірибелік және ғылыми қызметті жүзеге асыру дағдыларын үйрету. |
Берілетін дәреженің аталуы |
PhD философия докторы |
Кәсіби қызмет саласы |
8D02310-Филология кәсіби қызметінің саласы: - жоғары, кәсіптік-гуманитарлық оқу орындарындағы білім беру қызметі; - педагогикалық, ғылыми-зерттеу оқу орындарындағы ғылыми және басқару қызметі; - ҚР БҒМ құрылымдық бөлімшелеріндегі, қалалық және облыстық деңгейдегі білім беру бөлімдеріндегі басқару қызметі |
Оқыту нәтижелері |
ОН1. Академиялық мәтіндердің функциялары мен түрлерін, оларды рәсімдеудің өзіндік ерекшеліктерін меңгереді. ОН2. Ғылыми таным құралдарымен жаңа әдістерін қазіргі ақпараттық мәдениеттің жетістіктерін белсенді пайдалана отырып, филология саласындағы ғылыми проблеманы көтеруді, негіздеуді және шешуді, білімді интеграциялауды меңгереді. ОН3. Филология және педагогика ғылымдарының әдістемелік аппаратын және жалпы ғылыми әдістемелікті кәсіби қызметінде қолданады. ОН4. Инновациялық, танымдық, инициативтік ойлау жүйесі мен өзіндік шығармашылық мәдениетін қалыптастырады. ОН5. Кәсіби және қоғамдық ортада қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлей алады. ОН6. Тіл мәселелеріне компаративистика тәсілі арқылы салыстырмалы, тарихи контексте сараптама жасай алады. ОН7. Білім беру өрісінде филологиялық пәндерді оқытуды, ғылыми ізденістерді жоғары теориялық және әдістемелік деңгейде ұйымдастырып басқара алады. ОН8. Ғылыми ізденіс тәжірибесін ұйымдастыру, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерттеу, оқу процесіне нәтижелерін енгізу мен педагогикалық эксперименттерді ұйымдастыру, зерттеу қызметінің алгоритмін меңгере алады; ОН9. Қазақ тіл біліміндегі психолингвистикалық зерттеулерді жүзеге асыруға, сондай-ақ лингвокогнитивтік зерттеулерді жүргізуге дағдыланады. Тіл мен таным одағының лингво-мәдени сипатын ашуға бейімделеді. ОН10. Тіл эволюциясының ішкі және сыртқы факторларын жүйелі түрде танып, ғылыми тұрғыда қолданады. ОН11. Лингвистикалық қазіргі үдерістердің бағыттары мен өзектілік жай-күйін сыни тұрғыдан бағалай алады. |