6B07321 Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
6В07321- Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
6В07 «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
6В073 «Сәулет және құрылыс» |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
В074 – Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс |
Оқыту тілі |
қазақ, орыс |
БББ көлемі |
240 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
|
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
|
БББ мақсаты |
Өнеркәсіптік және азаматтық объектілердің құрылысын жобалау, ұйымдастыру технологиясын меңгерген, ой-өрісі кең және ойлау мәдениеті бар маман даярлау |
Берілетін дәреженің аталуы |
техника және технология бакалавры |
Кәсіби қызмет саласы |
Азаматтық құрылыс, қала шаруашылығы, машина жасау, химия, тау-кен өндіру, мұнай, газ, металлургия өнеркәсібінің құрылыс объектілері және тағы басқалар |
Оқыту нәтижелері |
ОН1.Академиялық жазу және академиялық адалдық мәдениеті қағидаттарын ескере отырып, құрылыс өндірісі саласында және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қарым-қатынасы. ОН2.Кәсіби қызметте қоғамдық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық білімді, сондай-ақ ғылыми зерттеу әдістерін көрсету. ОН3.Ғимараттар мен имараттарды жобалау, тұрғызу және пайдалану кезінде ғылыми-жаратылыстану, математикалық, экономикалық, инженерлік білімдерді қолдану. ОН4. Жеке және командада жұмыс жасау, өзінің білімін жетілдірумен, өз-өзін тәрбиелеумен, рухани дамумен айналысу. ОН5.Ғимараттардың инженерлік-технологиялық, көлемдік-жоспарлау, конструктивтік және энергия үнемдеу технологияларын әзірлей білу. ОН6. Еврокод талаптарын ескере отырып, ғимараттардың жекелеген құрылымдық элементтерін әр түрлі жүктемелер мен әсерлерге есептеу және жобалау. ОН7. Материалдық-техникалық ресурстарды, құрылыс жұмыстарының көлемін, механикаландыруды таңдау мен салыстыруды ескере отырып, құрылыс өндірісінің нұсқалық жобалауды жасау және бағалау. ОН8.Іргетастардың түрлерін таңдауда сауатты шешімдер қабылдау және топырақтың физика-механикалық қасиеттерін пайдалана отырып, олардың есептік сипаттамаларын есептеу. ОН9.Құрылыс нысандарын жобалау және командада жұмыс істеу үшін заманауи мамандандырылған компьютерлік кешендерді қолдану. ОН10. Құрылыс технологиясы мен өндірісінұйымдастыру саласында құрылыс қызметін реттейтін негізгі нормативтік актілерді, құрылыс нормаларын, техникалық шарттар мен ережелерін қолдану. ОН11.Пайдалану және қайта жаңғырту процесінде ғимараттар мен имараттардың жай-күйін бақылау және бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу. ОН12. Нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, құрылыс саласындағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі іс-шараларды әзірлеу |