7M01535 STEM білім беру
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
7М01535 –STEM білім беру |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
7М01 Педагогикалық ғылымдар |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
7М015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
М012 Информатика педагогтерін даярлау |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс |
БББ көлемі |
120 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
Көшбасшылық және оқыту мен зерттеуге интегративті тәсілге негізделген STEM білім беру саласындағы оқытудың заманауи қағидаттарына жауап беретін жоғары білікті, бәсекеге қабілетті магистрлерді даярлау. |
Берілетін дәреженің аталуы |
«педагогика ғылымдарының магистрі» |
Кәсіби қызмет саласы |
- жоғары білім; - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы зерттеулермен айналысатын саласы болып табылады. |
Оқыту нәтижелері |
OН1. Білім беру, ғылыми, кәсіптік және әлеуметтік-мәдени коммуникация салаларында бірлескен жұмыстарды жүзеге асыру үшін STEM технологиялары саласындағы белгіленген мамандандырылған терминология шеңберінде қарым-қатынас жасау. OН2. Білімгерлерді, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін білімгерлерді, оқыту, дамыту және тәрбиелеу мақсатында кәсіби қызметінде психологиялық-педагогикалық технологияларды тиімді пайдалан. OН3. STEM білім беру жағдайын қадағалап, талдай білу. Информатикадағы STEM білім беру тұжырымдамасының мәні мен мазмұнын түсіну, информатика бойынша STEM білім беру мақсатына сәйкес оқытудың формаларын, әдістерін және құралдарын таңдай білу. OН4. Оқыту, оқу материалдары және бағалау, статистикалық және үлкен деректерді талдау, ақпаратты таңдау және түрлендіру дағдыларын көрсету кезінде информатикаға арналған STEM элементтерін пайдаланып зерттеу дағдыларын біріктіру және қолдану. STEM негізіндегі пәнаралық байланысты тәжірибеде қолдану. Инновациялық оқыту технологияларын біріктіру үшін STEM оқытуды қолдану. OН5. Сандық технологиялар мен ресурстарды, сыни тұрғыдан ойлауға негізделген мәселені шешудің логикалық, жүйелі және дәйекті тәсілдерін пайдалана отырып, барлық кезеңдердегі жобаларды басқару, ғылымдар үшін STEM білім беру құралдарын анықтау және бағалау. Математика, физика және технология қиылысында жоғары технологиялар саласындағы есепті шешу кезінде бағдарламалау дағдыларын қолдану. OН6. Ғылыми-зерттеу нәтижелерін практикалық педагогикалық қызметке енгізу арқылы жаратылыстану-педагогикалық ғылымдар саласындағы білім беру тәжірибесін жетілдіру мақсатында әріптестермен бірлесіп зерттеулерді жоспарлау және жүргізу, жаңа цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану, онлайн платформалар үшін оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде STEM тәсілін қолдану. OН7. Жобаларды әзірлеуде заманауи АТ қосымшаларын (виртуалды және толықтырылған шындық), заманауи оқу іс-әрекетінде ақпараттық технологиялар мен оқытудың инновациялық әдістерін қолдану. OН8. Қызметтің әртүрлі салаларында робототехниканы қолдану әдістерін білу, микророботтарды бағдарламалау және жобалау дағдыларын меңгеру, роботтарды құрудың бағдарламалық және техникалық әдістерімен жұмыс істеу. |