8D07120 Машинажасау
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
8D07120 Машинажасау |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
8D071 Инженерия және инженерлік іс |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
D103 Механика және металл өңдеу |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс, ағылшын |
БББ көлемі |
180 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
|
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
|
БББ мақсаты |
Машинажасау саласында ғылым, білім және өндірісті басқару саласында инновациялық қызметке және бәсекеге қабілетті жоғары білікті зерттеуші ғалымдар мен оқытушыларды даярлау. |
Берілетін дәреженің аталуы |
PhD философия докторы |
Кәсіби қызмет саласы |
• университеттердегі, ғылыми-өндірістік орталықтардағы, ғылыми-зерттеу институттарындағы ғылыми және басқарушылық қызмет; • Ғылым және жоғары білім министрлігінің құрылымдық бөлімшелеріндегі басқарушылық қызмет. • технологиялық процестердің зерттеу, ақпараттық іздестіру, әдістемелік мәселелерін шешу үшін машина жасау саласындағы ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру • бейіні бойынша білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру |
Оқыту нәтижелері |
ОН1. Ғылыми-зерттеу және практикалық мәселелерді шешу кезінде, оның ішінде пәнаралық салаларда жаңа идеяларды қалыптастыру, сонымен қатар заманауи ғылыми жетістіктерді сыни талдау және бағалау арқылы кәсіби қызметте этикалық нормаларды сақтау . ОН2. Машиналарды, жетектерді, жабдықтарды, сондай-ақ өндіріске арналған технологиялық жабдықтарды жобалау, модельдеу және өндіру саласында ғылыми - негізделген шешімдерді қабылдау. ОН3. Техникалық және экономикалық тәуекел жағдайында бастамашылық таныта отырып, ғылыми гипотезалар мен ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсынуға негіздеу. ОН4. ЖОО-да, ғылыми орталықтарда және өндірісте тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау, педагогикалық қызметте оқу саласын жүйелі түрде түсінуді көрсету. ОН5. Өндірісті технологиялық дайындау және заманауи жабдықты аспаптық қамтамасыз ету кезінде өнімділікті арттыру әдістерін түсіну негізінде өндірістік және технологиялық процестерді жобалау. ОН6. Әлеуметтік, экономикалық аспектілерді ескере отырып, академиялық және ғылыми тұтастықпен сипатталатын заманауи әдістер мен әдіснамалар негізінде дербес ғылыми зерттеулер мен ғылыми жобаларды басқаруды жүзеге асыру; ОН7. Машинажасаудағы объектілердің беріктігі мен сенімділігін бағалауда қолданылатын әртүрлі тұжырымдамаларды, теорияларды, объективті заңдылықтарды синтездеу арқылы машинажасау жабдықтарының сенімділігінің тиімділігін талдау және басқару, өнімнің өмірлік циклін талдау және бағалау; ОН8. Өндірістік – техникалық қызметті іске асыру кезінде заманауи материалдарды, ғылымды қажетсінетін және аддитивті технологияларды ғылыми негізделген түрде таңдау. ОН9. Өндірісті жобалау және басқару кезінде Big Data Analytics-ті қолдану және пайдалану, 3D модельдеу, прототиптеу және пайдалану технологияларын реверс инженериялау, виртуалды (VR) және кеңейтілген (AR) шындық, ашық өндіріс және ашық бастапқы технологияларды қолдану. |