7M07270 Фармацевтік өндіріс технологиясы

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

7M07270- Фармацевтік өндіріс технологиясы

 

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

7М07- Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

7М072-Өндірістік және өңдеу салалары

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

М119 - Фармацевтік өндіріс технологиясы

Оқыту тілі

қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

120 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Фармацевтикалық өндіріс технологиясы саласында, сондай-ақ жоғары білім беру жүйесі мен ғылыми сала үшін ғылыми-педагогикалық қызметте сұранысқа ие жоғары білікті магистрлерді даярлау

Берілетін дәреженің аталуы

«техника ғылымдарының магистрі»                                                                                                                                                                                                                                                                                            

Кәсіби қызмет саласы

•  Дәрілік заттарды шығаратын өнеркәсіптік кәсіпорындар;

•   Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу және жобалау институттары.

Оқыту нәтижелері

ОН1  Ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерін ескере отырып, шет тілін және ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, сондай-ақ ғылыми мақалаларда зерттеу нәтижелерін қорытындылай отырып, кәсіби ортада еркін қарым-қатынас жасау;

ОН2 Дүниетанымдық және әдістемелік мәселелерді талдау, соның ішінде пәнаралық сипаттағы ғылым философиясының ережелеріне және ғылыми зерттеу принциптеріне негізделген;

ОН3 Жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметті ғылыми ұйымдастыруды, фармацевтикалық инженерия саласында тиімді оқыту әдістерін қолдану;

ОН4 Кәсіби қызметте стандартты емес жағдайларда жедел басқару және техникалық шешімдер қабылдау кезінде көшбасшылық қасиеттерді, шығармашылық пен логикалық ойлауды көрсете отырып, басқару психологиясына негізделген ұжымды тиімді басқару;

ОН5 Тиісті өндірістік тәжірибе (GMP) талаптарына сәйкес өнеркәсіптік өндірісте дәрілік заттарды өндіру бойынша өндірістік процесті басқару;

ОН6 Нанотехнологияларды пайдалана отырып, фитопрепараттарды, дәрілік заттарды және жаңа дәрілік формаларды өндірудің инновациялық технологияларын әзірлеу;

ОН7 Биофармацевтикалық препараттардың жаңа түрлерін, оларды өндірудің заманауи әдістерін қолдана отырып әзірлеу және клиникаға дейінгі сынақтар жүргізу;

ОН8  Заманауи талдау әдістерін және ең жаңа аспаптар мен аппараттарды пайдалана отырып, технологиялық процестің барлық кезеңдерінде дәрілік заттардың сапасын бақылауды қамтамасыз ету;

ОН9 Синтетикалық витаминдер мен коферменттерді, сонымен қатар микробиологиялық синтез өнімдерін алу технологиясындағы өндірістік мәселелерді шешу;

ОН10 Дайын дәрілік заттар мен қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтай отырып, фармацевтикалық кәсіпорындарда жаңа өндіріс жобаларын ұсыну;

ОН11 Отандық және халықаралық ғылыми ортада мамандармен және кеңірек аудиториямен талқылауда зерттеулердің нәтижелерін негіздеп және дәлелдей отырып, ғылыми зерттеулерді өз бетінше жоспарлау және жүргізу;

ОН12 Пәнаралық байланысты білім салаларындағы мәселелерді талдау, өмір бойы біліктілігін арттыру.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.